Қуандық Шамахайұлы. Шындықты зынданның түбінде шіріте алмайсың
(ғылыми-танымдық эссе)
Қоғам алға басып дамыған сайын ғылым айналаға аш көздене қарап, барлығына тыңнан түрен салуға ынтызар болды. Күн, ай, жұлдыз, ғаламшар, кемпірқосақ, бұлт бәрі-бәрі біртіндеп шолақ ойдың тар шеңбердегі пайымынан ыршып шығып, ең алдымен ғылыми танымның шексіз көкжиегіне бет алды. Ақындар жырлайтын таңғажайып оқиғалар мен жаужүрек батырлар ертегі әлеміне қарай жол тартты. Жастар жағы Гесиодтың шығарған «көп құдай» туралы ұзын сонар жырларына күле қарап, Гомерге тамсанып, табынушылардың қатары да сирей бастаған.
Гесиодтен соң бір буын алмасты. Жаңа дәуір туып, жырды да, ой-сананы да жаңалауды талап ете бастады. Грек елінде Ксенофан деген қарапайым ақын болды. Ол кифар деп аталатын көп ішекті саз аспабын өзіне адал қызметшісі қарияға көтертіп алып, Эллада қаласының шаңды көшелерін жаяу аралар еді. Ақын шындықтың ізін қайтсем де табамын деп әлемді кезген көрінеді. Үйсіз-күйсіз, жадап-жүдеп ыстыққа күйді, суыққа тоңды. Қалаларға барғанда адамдар жан-жақтан қаумалап, бай-манаптар үйлеріне апарып, тәтті-дәмдісін алдына тосады екен. Кезбе жыршының сөзін тыңдауға жұртшылық аса ықыласты еді.
(ғылыми-танымдық эссе)
Қоғам алға басып дамыған сайын ғылым айналаға аш көздене қарап, барлығына тыңнан түрен салуға ынтызар болды. Күн, ай, жұлдыз, ғаламшар, кемпірқосақ, бұлт бәрі-бәрі біртіндеп шолақ ойдың тар шеңбердегі пайымынан ыршып шығып, ең алдымен ғылыми танымның шексіз көкжиегіне бет алды. Ақындар жырлайтын таңғажайып оқиғалар мен жаужүрек батырлар ертегі әлеміне қарай жол тартты. Жастар жағы Гесиодтың шығарған «көп құдай» туралы ұзын сонар жырларына күле қарап, Гомерге тамсанып, табынушылардың қатары да сирей бастаған.
Гесиодтен соң бір буын алмасты. Жаңа дәуір туып, жырды да, ой-сананы да жаңалауды талап ете бастады. Грек елінде Ксенофан деген қарапайым ақын болды. Ол кифар деп аталатын көп ішекті саз аспабын өзіне адал қызметшісі қарияға көтертіп алып, Эллада қаласының шаңды көшелерін жаяу аралар еді. Ақын шындықтың ізін қайтсем де табамын деп әлемді кезген көрінеді. Үйсіз-күйсіз, жадап-жүдеп ыстыққа күйді, суыққа тоңды. Қалаларға барғанда адамдар жан-жақтан қаумалап, бай-манаптар үйлеріне апарып, тәтті-дәмдісін алдына тосады екен. Кезбе жыршының сөзін тыңдауға жұртшылық аса ықыласты еді.
Ксенофан ешкімге ұқсамайтын дара тұлға болды. Оның замандастары Гомер мен Гесиодтың сөздерін жақтары талғанша жатқа айтса, Ксенофан ол ақындарды мүлде менсінбейтін көрінеді. «Гомер мен Гесиод адамда ғана болатын күнәларды Құдайға апарып теліген. Олар ұрлық жасады, бір-бірлерін алдап жүгенсіздікке барды» деп сайрайды екен. Жиналғандар оның батыл әрі өткір сөздерін «осы бір буырыл сақалды қарт ақынның шынымен де ешкімнен қорықпайтын қандай құдіреті бар?» - десіп таңдана тыңдайды. Ол сол кездің өзінде қазіргі ислам дінінің қағидаларымен үндесетін уағыздар айтады екен. Мысалы, «Құдайға зор құрметпен қарау керек. Құдайды адам секілді туатын, киінетін, бізбен сөйлесетін, сыртқы пішіні өзіміз секілді деп ойлап жүрмегін! Оны ерте заманда дүниеге келді десеңдер де күнә болады. Оны әркім өз білгенінше бейнелеп, сурет сала да алмайды».
Бұдан сәл бұрынырақта халық мұндай сөз естісе естерінен танып, абыржыған болар еді. Ал, сол кезең ескі таным-түйсіктің іргесі босап, шайқалып тұрған дәуірі болатын. Адамдар оның әр сөзіне зейін қойып, шындықтың жолы, құдайшылық дегеніміз не деп сауал қояды екен. «Адам құдайды көрген емес, көрмейді де. Адам шындықты айтуға батылы жеткенімен оны тануға құлықсыз. Құдай адам баласына барлық дүниенің сырын ашып берген жоқ. Адамдар тынымсыз ізденудің арқасында ғана біртіндеп шындыққа жақындай түседі».
Жаратушы жайында Ксенофан жаңаша жырлады. «Құдай - табиғат секілді мәңгі, аспан әлемі сынды шексіз әрі жалғыз. Құдай - барлық дүние, табиғат, күллі әлем! Барлық дүние құбылмалы. Алайда, дүние мен Құдай ғана мәңгі. Ол жаңадан пайда болмайды, жоғалып құрып кетпейді...».
Әр күн сайын Ксенофан бір отбасының құрметті әрі сыйлы қонағы болады, таңертең ол үйден шығады. Адал серігі қонған үйінен бағалы сыйлық алғанына мәз. Ал, Ксенофан отбасы мүшелерінің өз сөзін ұйып тыңдағанына зор қуанышты.
Алайда, Гомер мен Гесиодты әжуалаған әзілқой жыршыны жек көретіндер де баршылық еді. Кейбір байлар өздерін Құдаймен туыс санайтындықтан қарт ақынға өлердей өшігетін. Дүние мен дәулеттің құлына айналған, жасанды шаштарымен мақтануға құмар пасық байларды Ксенофан да жиіркене жек көретін. Байлыққа мастанған олар алаулаған пештің қасында шараптарын сораптап отырып, қарт ақынның басында үйі, бауырында қазаны жоқтығын табалап күлер еді. Ақынның кедейлігі сол байлардың кесірінен болатын. Себебі, төбелесте алға шыққандарды ол тұста үкімет өз асырауына алатын. Өкінішке қарай, білектің күші бағаланғанымен білімдінің ақыл ойы құндылыққа жарамаған кез. Ол тұста рухани ойдың әлеуетін адамдардың түсініп-түйсінбеген заманы болса, қазір ғалымдардан залымдар озған кез туып отыр.
Милет қаласы маңындағы Самоста құдайға сенуден қалып, табынатын жаңа бір нысан тапқан. Онысы, сол тұста адам баласының ақылына қонбаған қайдағы бір манет ақша еді. Ақшаны неғұрлым көп жинаған сайын құдайға деген сенім де соғұрлым азая түседі.
Самос қаласының тұрғыны қарадан шыққан Поликрат есімді бір пысық жігіт шағын өндіріс ашады. Оның кәсіпорнында жиырмашақты құл таң сәріден жұлдыз жамырағанша жұмыс істеп, көрсе көз тоймастай әсем үй жиһаздарын, бай-манаптардың той-томалақта қолданатын бағалы қасықтарын, шанышқыларын жасап байып шыға келеді. Кешікпей желкенді кеме жасап, жолаушылар жинайды, оларды аралдан аралға саяхат жасатып, алтын-жамбы мен жібек маталардың астында қалады. Манет ақша дегендер де дорба-дорбасымен үйіліп қалады. Ақшаның арқасында әлгі Поликрат үкімет билігін де ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Оған саудагерлер, ұсталар мен ағаш шеберлері, кеме қожайындары қатты қуанса керек.
Алайда, өздерін тәңірден жаралған ақ сүйек санайтын адамдар Поликраттың зәулім әсем ордасын көріп «қарадан шыққан жанның пешенесіне мұншалықты нәсіп бұйырмаса керек-ті» десіп қабақтарынан қар жауып, қызғаныштың қызыл иті өзектерін өртейді. Ақыры олар құдайлар өз үлестерін талап етіп жатыр дегендей мағынасыз өсек таратады. Оған имандай сенген Поликрат өзінің аса бағалы білезігін мұхитқа лақтырады. Онысы, өзінің қарамағындағы бір аңшысы аулаған балықтың қарнынан табылады. Тұп-тура «жүгірген жетпес, бұйырған кетпестің» кері. Ақсүйектер құдайларының Олимп тауының шыңынан көріп тұрғанына сенімді еді. Бірақ, неге қарадан шыққан жанның баюына, асыл текті біздің әупірімдеп күн көруімізге жол береді екен десіп шуласты.
Ақсүйектер кім құтқарушы боларын іздеп әуреге түсті. Кедейленіп кеткен олар құдай мен адам арасындағы делдал ретінде Пифагор данышпанды таңдайды. Өздерін тәңірден таралған санайтын бір топ данышпанмен күнде кеңес өткізеді. Алайда, не туралы ақылдасып жүргендіктерінен бәрі бейхабар. Олардың мұндай кездесулерінен күдіктенген Поликрат араға өз жансыздарын да салып қояды.
Алайда, Пифагор тым кешікпей Самос қаласынан біржолата кетіп қалады. Оған табынушылар «диктатура шегіне жетіп, ақыры, бостандықты пір тұтатын адамның оған төзбейтіндей ахуал қалыптасқандықтан ол кетіп тынды» деп мәлімдеді. Пифагордың Мысыр, Вавилон елдерін аралап жүргені жайында хабар тараған. Кейін Италияның Кротон қаласын тұрғылықты мекендегені белгілі болған. Ол тұста аталмыш қалада қоғамдағы тепе-теңдіктің бұзылған шағы еді. Билік жалпы халыққа беріле ме, әлде, тәңірдің сүйген құлдары ақсүйектерге тиесілі бола ма деген даудың өршіп тұрған кезі болатын.
Ақсүйектер жұдырықтасудың олимптік сайысында топ жарып, атаққа шыққан Милон есімді жігітті басшы еткен. Ол батыр ер барыстың иленген терісін иығына іліп, қолына шоқпар алып шайқас алаңына шыққанда қарсы келген дұшпанның жүрегі дуаламай қанжарын тастап қаша жөнеледі екен. Алайда, Милонда білектің күші мол болғанымен ол шындығында, біліктің әлеуеті атаулыдан жұрдай пенде еді. Кротондық ақсүйектерде шын мәнінде дана басшы, данышпан ұстаз жетпей тұрған. Оның орнын Пифагор басты. Ол үнемі жастарды айналасына жинап алады да: «Өрендерім, айналаға қараңдаршы! Бүкіл әлем лайықты қалыптасқан тәртіп пен ережеге бағынады. Бар дүние үйлесімге, өлшемге, сандық есепке бағынышты» - деп сыр шертеді. Пифагор лир атты көп ішекті музыкалық аспаптың арнайы құлақтарын бірде қатты бұрап созып, енді бірде босатқанда оның дыбысының есептік санға бағынып, жоғары-төмен болып естілетіні аңғарылады. Осылайша, ол саз аспабының құпия сырын ашады.
Ол құмға көптеген үшбұрыштар салады да бейнелер әлемінде есептің билеуші рөл атқаратындығын түсіндіреді. Есеп-қисап, түзу сызбалар, шаршы бейнелер айнала әлемді ретсіздіктен құтқарады, формасыз дүниенің бітім-болмысын жасайды, шексіздікке өлшем белгілейді.
Айлы түнде Пифагор шәкірттеріне сансыз жұлдыз жымыңдаған аспанды нұсқап, онда да есеп, өлшем мен ырғақтылық билеуші рөл атқаратындығын түсіндіреді. Жұлдыздар да белгілі бір уақытта шығады, өз жолымен жүріп, нақты бір мерзімде бой тасалайды. Дүние әлеміндегі жарық пен жылылықты әкелуші ең киелі зат - от. Дүниені жарылқаушы басты әрі киелі «от» ол - күн. Оның айналасында ондаған хрусталдық жүйе бар. Күн, ай, жұлдыз, ғаламшарлар сол жүйе бойынша орналасқан. Біздің жер ғаламшары да оның жалпы заңдылығына бағынады. Бейнебір отты айнала билеп жүрген бишілер тобы іспетті. Барлығы нақты есепке негізделеді. Пифагор осылайша өзіндік ғылыми жаңалығын ашты. Ол әлемнің басталуы да, жалпы сипаты да тек есепте деп білді. Шәкірттері де оған нық сенімді болды, айтқандарын зейін сала тыңдады.
«Әлемді есеп, өлшем, үйлесім үшеуі билейді. Құдай он сегіз мың ғаламда мызғымас қатаң тәртіп орнатқан. Барлық ғаламшар сол заңға бағынады. Олай болса, адам баласы да сол заңдылықтан тысқары қалмақ емес» - деп ол дін мен ғылымды ұштастырған қағидаларын шәкірттерінің бойына сіңірумен болды. Пифагордың ғылымда жасаған ұлы жаңалығы кезінде қараңғылықтың соққысы мен қарсылығына қатты ұшыраса да уақыт сынына төтеп беріп, мәңгілік сипатта екендігін дәлелдеді. «Есеп білмеген есек» деп қазақ бабаларымыз айтқандай, ғылымның кілті де сонда екендігін бүгінде дәлелдеп жатудың өзі артық.
Математикалық формулаларсыз мұхит мұзын жарғыш кемелер мен ғарыш зымырандарын жасай алар ма едік?! Тіпті, қыл аяғы туннель, көпірлерді де есеп-қисапқа сүйенбей салуымыз мүмкін еместігі анық. Ақпараттық жүйелер мен технологиялар да бүгінде соған сүйеніп отыр. Орта мектепте пифагор теоремасын оқығанын ешкім ұмытпаған болар. Олай болса, пропорцтық, прогрестік амалдары, тақ және жұп сандар дейсіз бе, үшбұрыштық, 180 градустық секілді кезінде біраз басымызды қатырған ғылыми ізденістердің түп негізін қалап, оның өміршеңдігін дәлелдеп бергендігі оның жеткен шындығының өлместігін айғақтаса керек. Мыңдаған жылдар өтсе де шындықтың зынданның түбінде жатса да шірімесінің кепілі осы болар.
«Абай-ақпарат»