Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026
Әдебиет 115 0 пікір 13 Мамыр, 2026 сағат 14:08

«Поэзия ‒ әлем жүрегі»

Суреттер: Автордың жеке архивінен алынды.

Қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Ғалым Жайлыбай және жазушы, драматург, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы Әлібек Байбол Гүржістандағы «Поэзия ‒ әлем жүрегі» атты халықаралық әдеби фестивальда Шота Руставели атындағы алтын медальмен марапатталды.

Суреттер: Автордың жеке архивінен алынды.

Сыйлық Ғалым Жайлыбайға Грузия Жазушылар одағының Төрайымы, Шота Руставели атындағы Грузия Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, «Грузин жырының амазонкасы» атанған Маквала Гонашвилидің аудармасымен жарық көрген жыр жинағы және екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыс орнатқаны үшін, ал Әлібек Байболға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ» делінген ортақ жобасы аясындағы «Тифлистегі қаламгерлер тағдыры» (Қазақстан мен Грузияның әдеби-мәдени байланыстары хақындағы миниатюралық-хроникалық эсселер, 1930-1938 ж.) атты кітабы үшін табысталды.

Суреттер: Автордың жеке архивінен алынды.

6 мамыр күні Ғалым Жайлыбай жыр кітабының таныстырылымы әрі шығармашылық кеші Тбилисидегі Достық үйінде өте жоғары деңгейде өтті. 5-10 мамыр аралығындағы халықаралық әдеби форумға Италия, Израиль, Гүржістан, Армения, Түркия, Қазақстан, Латвия, Германия, т.б. жиырмаға тарта елдің белгілі ақын-жазушылары, әдебиетшілері қатысты. Делегаттар Тбилисиден бөлек, Мцхета, Кахети, Кварели, Цинандали, Телави, Рустави секілді қалаларды және тарихи жерлерді тамашалады. Сонымен қатар, Арменияның ұлттық ақыны Ованес Туманянның және биыл туғанына 240 жыл толып отырған гүржінің ұлы ақын-романтигі, орыс императорлық армиясының генерал-лейтенанты, мемлекет және қоғам қайраткері Александр Чавчавадзенің мұражай-үйін, Манави қамалын, Картли-Кахетия аймағын, Гүржістанның ұлы пашасы Ираклий II резиденциясын аралаған-ды. Шартараптан ақын-жазушы жиылған аталған шара әдеби алтын көпір міндетін атқарғаны анық. Бұл айтулы фестивальды Грузия Жазушылар одағының Төрайымы, Шота Руставели атындағы Грузия Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Маквала Гонашвили және білікті әдебиетші, фестиваль координаторы, әдеби менеджер Манана Горгишвили ұйымдастырған.

Әлібек Байбол

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2669
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1800