Жұма, 22 Қараша 2024
Өзекті 5352 11 пікір 28 Қараша, 2019 сағат 13:23

Елші елдің бәрін өтірікші көре ме?

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Шыңжаңдағы қазақтардың ұсталуы жайлы ақпарат жалған деп санайды. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Нақтырақ айтсақ, Қытай елшісі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Нұр-Сұлтанда өткен конференцияға қатысқан. Жиын барысында, Қытайда қысым көріп жатқан мұсылман халықтарына қатысты сауалға Чжан Сяо "бұл дұрыс емес ақпарат" деп жауап берді.

-Бұл ақпарат қайдан алынған? Мұның бәрі өтірік және дұрыс емес ақпарат. Сіз түсінесіз бе?

Қытайлық дипломат ҚХР-дағы мұсылман халықтарының жағдайы туралы басқа сұрақтарға жауап берген жоқ.

Сондай-ақ Чжан Сяо Азаттық журналисінен АҚШ департаментінде жұмыс істейсіз бе деп сұраған.

-Азаттық - америкалық басылым, америкалық БАҚ. Мұнда Америка елшісі жоқ. Американың елшісі жоқ. Барлық сұрақтар бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментімен байланысуыңызды өтінем. Сіз АҚШ мемлекеттік департаментінде жұмыс істейсіз бе?-деді.

Айта кетейік, 16 қарашада Америкалық New York Times газетінде Қытай үкіметінің жүздеген ішкі құжаттары жарияланған. Онда «саяси қайта тәрбиелеу лагерлеріне» қатысты нұсқаулар, ҚХР төрағасы Си Цзиньпидің сөйлеген сөздері мен басқа да құпия құжаттар таралған болатын.

Осыдан соң, Пекиннің саясатын сынға алу күшейе түскен.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321