Бұрынғы премьер Құловтың партиясы Қырғызстандағы президенттік сайлауда қазіргі президентті қолдайды
Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ – Бішкекте өткен «Ар-Намыс» партиясының съезінде, Қырғызстанда өтетін алдағы президенттік сайлауда қазіргі президент Құрманбек Бакиевті қолдау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды «Ферғана.ру».
Бұл мәселе съезд күн тәртібінде «әртүрлі» деген пунктпен тұрған. Съездің негізгі қараған мәселесі - партияның жаңа не бұрынғы төрағасы мен оның орынбасарын сайлау болды. Партия көсемі Феликс Құлов пен оның орынбасары Бодош Мамырова өздерінің бұрынғы орындарына қайтадан тағы бір мезгілге сайланды.
Партия мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде, Феликс Құлов, оның партиясы алдағы уақытта парламент құрамына кіріп және биліктің атқарушы органдарын қалыптастыруға қатыса алатынына үміті бар екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта қырғыздардың саяси ортасында президенттік сайлаудан соң парламент таратылуы мүмкіндігі туралы әңгіме бар. Бәлкім, «Ар-Намыс» партиясы келешектегі парламенттен орынға алмасу ретінде қазіргі мемлекет басшысын қолдау туралы шешім қабылдаған шығар.
Агенттік, Феликс Құлов былтыр ғана билікпен татуласқанын еске салады. Ал мұның алдында – 2007 жылдың сәуірінде – ол ұйымдастырған оппозициялық митинг қатаң түрде басып тасталған болатын.

Ол митингінің себебі Құловты премьер-министрліктен алыстатуы еді. Ол орынды Құлов, «қызғалдақ революциясынын» кейінгі, 2005 жылғы өткен презденттік сайлауда Бакиевті қолдап барып алған.