«Лайықты баспана үшін» қозғалысының мүшелері Астанада парламент ғимаратының алдында жиналды
Астана. 22 маусым. ҚазТАГ- Данияр Темірбаев. «Лайықты баспана үшін» қоғамдық қозғалысының мүшелері Астанада парламент мәжілісі ғимаратының алдында жиналды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
Олар палатаға үндеуге қол қойып жатыр. Акцияға қатысушылар осы үндеу арқылы парламентарийлерден қазақстан қоғамын мазалап отырған баспана мәселесін шешуге көмектесуді сұрайды.
Акцияға қатысушыларға әзірге ресми тұлғалардың бір де біреуі шыққан жоқ, шара транспаранттар мен митингсіз бейбіт түрде өтіп жатыр.