Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4536 2 пікір 6 Желтоқсан, 2019 сағат 11:36

Оқшау ой

Бас қалаңда жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні допша домалатып қаққан 23-тегі біреу екен. Әйел қайтыс болған. Анадан тірі қалу да мүмкін емес қой. Иманды болсын! Ұрланған көлікке (солай делінді) ие болып тайраңдағанымен қоймай, адам қағып өлтірген кімнің баласы? Әке-шешесін де жауапқа тартқан жөн мұндайда. Кімдер? Аты-жөні кім? Айтылуы керек. Кісісінен айырылған отбасына өздері өлгенше айып төлетсе... Бас қалада бассыздық болған соң басқаға не дейсің. Жалпы, Кенесарының басын қайтарғанша бассыздық жайлайды деген аңыздың ақиқаты бар сияқты ғой. Бассыз болмаса, ұры ұсталмай ма, ұстамай ма, тәртіп орнамай ма...

Таразда талтүсте оқушы зорланды. Зорлықшы кім? Әке-шешесі кімдер? Білейік! Не тәрбие берген баласына, айтсын, тыңдайық. Қай қылмыскер болса да, түрмеге түсіп, соны біз асыраймыз. Оларға бір түйір май да, ботқа мен сорпа да, суға піскен жұмыртқа да беріледі. Бір тілім нан жейді! Ал арамызда қара суға қарап, тауықтың етіне де жете алмай, макаронды суға қайнатып жеп отырған да отбасы бар. Тубдиспансерде жатқан ауру баладай көріп, әке-шешесі де тамақ тасиды тағы. Ондай қылмыскердің әке-шешені баласының кесірі тиген отбасыға құл ғып жіберіп, мойнына өмір бойы төлейтін айып ілсе. Сонда айылын жияр ма еді, бәлкім!

Сахнаға шығып екі әнді фонограммамен айтатын әншісымақтардың әке-шешесінен сұхбат алып, өздерін қойып, солардың әке-шешесіне бағдарлама ашқыштар, соларды көрсетіп насихаттағыштар көрсетсін қылмыс жасағандардың үрім-бұтағын. Арнасын бір хабарды! Қалай жасап, қалай сайрар екен, көрейік. Кез келген қазақ баласы өзінің туған ауылында оңайлықпен бейбастақтыққа бара бермейді.

Қандай топас надан болса да, бәрібір әке-шешенің атына кір келтірмеуді ойлап тұрады. Ауылында қылмыс жасап көрсінші ағалары, тіпті солардың қатарластары-ақ шықпыртып жөнге салады. Мен білетін қазақы ауыл сондай еді. Ал үлкен қалаға келген соң баласының қайда тұрып, немен айналысып жүргенінен көп әке-шеше бейхабар. Не келіп көрмейді, іздемейді. Үй алып беріп баласын қолынан жетектеп кіргізгендей ауылында бейқам жатады көбі. Өтірік пе?

Баспанасы жоқ бала көрінгенмен бірігіп қаңғып жүріп әуелі пәтер жалдайды, қалалық тіркеуі болмағандықтан жұмысқа кіре алмай қаладағы тірлігін жайлап ұрлық жасап бастайды. Өзінен кішіге әлімжеттік көрсетіп, біреудің іліпаларын тартып ап жүрген де, қоғамдық көлікте тіміскіленіп көрінгеннің қалтасына қолын жүгіртіп жүрген де - өзіміздің қазақ! Үй тонап жүргендердің де көбі - қазақ жігіттері! Өзге ұлтты жақтап отырғам жоқ. Жақтамаймын да. Шындығы сол ғой бәрібір. Баласының шалыс басқанына ең бірінші әке-шеше жазаланса. Әке-шеше үшін бала жауап бермейді, баласы үшін әке-шеше бәріне міндетті. Өз ойым.

Айгүл Болатханқызының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371