Қазір көп мұсылман Алланың екінші кітабын оқуды ұмыт қалдырды
Нағыз тақуалық – Алланың жазған аяттарын, заңдарын орындау деген сөз. Ал Алланың заңдары мен аяттары екі үлкен кітапта жазылған. Бірінші кітап – Құран. Құрандағы аяттарды оқуымыз керек және сол аяттардың көзілдірігімен, дүрбісімен "Ғалам" деген алып кітапты оқуымыз керек.
Ғалам да – Алла Тағаланың құдірет қаламымен жазылған үлкен кітап. Ондағы бүкіл физикалық, химиялық, астрономиялық, математикалық, геометриялық т.б. заңдылықтар да Алла Тағаланың қойған аяттары.
Қазір көп мұсылман Алланың осы екінші кітабын оқуды ұмыт қалдырды, яки шала оқиды. Содан барып бүгінгі мүшкіл жағдайға ұрынды. Құлшылықты, Алланың разылығын мешітке тыққан күннен бастап кері кетті. Сыртқы формаға байланып, ішкі мәнді, діннің түпкі мақсатын ұмыту салдарынан догмалық санаға соқтықты.
Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz