Абзал Тоқанов. Жарымжан елтаңба
Облыс орталығының Біржан сал көшесінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің туризм, спорт және дизайн факультеті орналасқан жеке оқу ғимараты бар. Өзіміз осы ғимараттың маңдайшасынан байқаған мына жағдай еріксіз қолымызға қалам алғызды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 34 бабының 2 тармағында: «Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Алайда, күні бүгінге дейін осы бұлжымас талапты басты қағидаға айналдыра алмай келе жатқанымыз өкінішті-ақ.
Бұлай дейтініміз, жоғарыдағы маңдайша жазуында тұрған Елтаңбада «Қазақстан» сөзінен «т» әрпі түсіп қалып, «Қазақсан» болып оқылып тұр. Бүкіл еліміз үшін қасиетті саналатын мемлекеттік рәмізімізді, соның ішінде тәуелсіз республикамыздың атауын осындай өрескел қатемен іліп қою қай ақылға сияды екен?! Бәрінен бұрын бізді осы факультеттің не басшысы, не қосшысының бірде-біреуі бұл олқылықты көрмей, жүздеген студенттер мен абитуриенттердің, келімді-кетімді кісілердің көз алдында Елтаңбаның әлі күнге осылай тұрғаны қинайды. Тіпті маңдайшадағы жазуды іліп, орнатқанда да «Қазақстан» сөзінде бір әріптің жоғын ешкім қалай байқамаған? Әлде көре тұра, кете берсін деп мән бермеді ме? Әйтеуір, басқасы басқа болсын, облыстағы бетке ұстар оқу орнына мына жағдай мүлдем жараспайтындығы анық.

www.masa.kz интернет газеті