ҚИК банктерден несиелерді 13 млрд теңгеге сатып алды – премьер
Астана. 22 маусым. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» қазірдің өзінде екінші деңгейлі банктерден ипотекалық несиелерді 13 млрд теңгеге сатып алды, деп хабарлады ҚР премьер-министірі Кәрім Мәсімов .
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ серіктес банктерден ипотекалық займдар бойынша талап ету құқықтарын кері сатып алуды іске асыруда. Қазіргі уақытта ҚИК жалпы сомасы 13 млрд теңге болатын ипотекалық займдар бойынша талап ету құқығын сатып алды», - деді ол, дүйсенбі күні «Нұр Отан» билік партиясының парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның негізгі жұмыс бағыты - шығарылған облигациялар есебінен алынған қаражат арқылы ұзақ мерзімдік ипотекалық займдар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу. Компания активтері 2009 жылы қаңтар-наурызда 107,9 млрд теңгені құраса, жеке капиталы – 26,2 млрд теңге болды. Аталған аралықтағы таза шығыны 3,98 млрд теңгені құрады.