Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3381 0 пікір 27 Тамыз, 2011 сағат 10:32

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті (жалғасы)

БАЙЛЫҚ  КІЛТІ

ҚАБЫСҚАН  ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ

немесе

ЕЖЕЛГІ  БАБЫЛДАҒЫ  ЕҢ  БАЙ АДАМ

Аңыз-шыны аралас

БҰЛ  КІТАПТЫ  ӘРБІР  МИЛЛИОНЕР  ОҚЫП  ШЫҚҚАН

Мегиддоның айтқаны есіме түсті: еңбек - оның ең жақын досы болса, ол маған дос бола алар ма екен. Сол кезде егер  мені мына жағдайдан құтқаратын болса, еңбекті жан дос етуге даяр едім.

Мегиддо оянған кезде, онымен түнгі хабарды сыбырлап бөлістім де, біз үшін үміт сәулесі жылт еткендей болды. Бабылға қарай жүріп отырып, кешқұрым оның бекінісіне жеттік те, орнықсыз көпіршелер арқылы дуал үстінде әрлі-берлі, жоғары-төмен өрмелеген құмырсқадай қаптаған жұрт көзге түсті. Жақындай келе, әлгі адамдардың жұмысын көріп, қайран қалдық. Біреулер бекіністі айнала апан қазып саз илеуде, басқалары иленген балшықтан қалыпқа кірпіш құюда. Құлдардың негізгі бөлігі дайын кірпішті ауыр себеттермен бекіністің ең үстіндегі қалаушыларға тасуда٭.

БАЙЛЫҚ  КІЛТІ

ҚАБЫСҚАН  ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ

немесе

ЕЖЕЛГІ  БАБЫЛДАҒЫ  ЕҢ  БАЙ АДАМ

Аңыз-шыны аралас

БҰЛ  КІТАПТЫ  ӘРБІР  МИЛЛИОНЕР  ОҚЫП  ШЫҚҚАН

Мегиддоның айтқаны есіме түсті: еңбек - оның ең жақын досы болса, ол маған дос бола алар ма екен. Сол кезде егер  мені мына жағдайдан құтқаратын болса, еңбекті жан дос етуге даяр едім.

Мегиддо оянған кезде, онымен түнгі хабарды сыбырлап бөлістім де, біз үшін үміт сәулесі жылт еткендей болды. Бабылға қарай жүріп отырып, кешқұрым оның бекінісіне жеттік те, орнықсыз көпіршелер арқылы дуал үстінде әрлі-берлі, жоғары-төмен өрмелеген құмырсқадай қаптаған жұрт көзге түсті. Жақындай келе, әлгі адамдардың жұмысын көріп, қайран қалдық. Біреулер бекіністі айнала апан қазып саз илеуде, басқалары иленген балшықтан қалыпқа кірпіш құюда. Құлдардың негізгі бөлігі дайын кірпішті ауыр себеттермен бекіністің ең үстіндегі қалаушыларға тасуда٭.

Айдауылдар қолапайсыз құлдарға айқай салып, жұмыс қарқынын бәсеңдеткендердің арқасына өгіз былғарысынан өрілген дойырды шықпыртуда.Ауыр жұмысқа шыдамай, тәлтіректеп барып, зорығып құлағандарды да көріп келеміз. Дойырдың соққысынан тұрмай қалғандарын, қапталға итеріп, өз бетінше өлуге қалдыруда. Өлгендерін төмендегі өлексе толы жол жиегіне апарып лақтырып жатыр.

٭Ежелгі Бабылдың керемет ғимараттары, дуалы, тәуханалары, аспалы бағы мен үлкен су арнасы құл еңбегінің күшімен салынған еді.Құлдыққа көбіне әскери тұтқындар тартылды да, оларды адам ғұрлы көрмеді.Алайда, Бабыл мен оның маңындағы жерлерден қылмысы мен қарызы үшін құлдыққа түскен бабылдықтар да болды.Ерлер арасында өзінің қарызын қайтарғанша, сот шешімі мен басқа да міндеттемелерін орындау үшін әйелдері мен балаларын кепіл ретінде құлдыққа беру кең таралды. Міндеттеме орындалмаған жағдайда кепіл жандар құлдыққа сатылды.

Бұл масқара көріністі көргенде менің бойым дірілдеп сала берді. Құл базарда өтпей қалсам, мені не күтіп тұр екен?!

Годозоның айтқаны дұрыс болды. Бізді қала қақпасынан өткізіп, құлдар түрмесіне апарды да, келесі күні біз құл базардың шарбағында тұрдық.Көпшілігі қорыққаннан қалшылдап алға баспады, оларды тек қана айдауыл дойыры ғана саудагерлер көріп, бағалауы үшін амалсыз жүргізді. Мегиддо екеуміз өзімізге жақын келген әрбір сатып алушымен тіл қатысуға тырыстық.

Құл сатушы патша күзетінің сарбаздарын ертіп келді де, оған шынжырлаулы Қарақшыны беріп еді, анау қарсыласып бақты да, есесіне оны ілесін қатыра соқты. Қарақшыны алып кеткенде, оны қатты аядым.

Мегиддо көп ұзамай, қоштасатынымызды сезді. Алармандар жоқ кезде ол еңбектен қашпауды айтып, мені азғырып болды: «Бірқатары жұмысты иттің етінен жек көреді. Жұмыс олар үшін дұшпаннан да жаман. Оны, керісінше, дос етіп, жақсы көру керек. Жұмыстың ауыр-жеңілдігі маңызсыз. Өзіңе әдемі үй салғанда, оның белдігінің де ауырлығы қажет емес қой, сылақ үшін балшық әзірлеуге де суды алыстан тасуға тура келеді.Егер өзіңе қайырымды қожайын тап келсе, айналайын, оған барыңды салып қызмет етемін деп маған уәде бер. Оған сенің ісіңнің бәрі жақпауы мүмкін.Есте сақта: жақсы істелген жұмыстан әуелі өзің ләззат аласың, пайда табасың. Ол сенен адам қалыптастырады.»

Ол үнсіз қалды, өйткені, осы кезде оған әлдебір шаруа келді де, оны мұқият қарай бастады.

Мегиддо оның жері мен егіні жөнінде сұрастырды да, көп ұзамай шаруаны өзіне иліктірді. Құл сатушымен оның бағасы турасында қызу саудаласу жүрді, ақыры шаруа қойнынан қалың әмиянын алды да, Мегиддо тез арада өзінің жаңа қожайынымен көзден таса болды.

Түске дейін бірнеше құл саудаланды. Түстен кейін Годозо маған құл сатушының көңілкүйі онша еместігін, екінші күнге қалуы неғайбыл деп хабарлады.Күн бата қалған құлдарды патша алармандарына өткізіп жібермек екен. Мен күдер үзе бастағанымда, шарбаққа семіз жайдары қалалық тұрғын келді де, арамызда наубайшы барлығын сұрастырды. Мен оған таяу барып, былай дедім: «Жақсы наубайшыға басқа наубайшыны іздеп не керек? Онан да жұмысқа талпынған әрі қабылетті жанға өз білігіңді үйреткенің оңай емес пе? Маған қарашы, мен - жаспын, күшім жеткілікті әрі еңбек сүйгішпін. Маған мүмкіндік бер, қолымнан келсе, сенің әмияныңнан алтын мен күміс бақыр табуға барымды аямай қызмет етемін».

Менің сөзім оның жүрегін қозғаса керек, ол құл сатушыға мені саудаласуға беттеді. Анау болса, бұған дейін маған көз салмаса да, менің қабылетімді шешен тілмен баяндап, денсаулығымның жақсылығын, тәртібімнің әдептілігін айтып бағамды асыра түсті. Мен өзімді қасапшыға сатылатын өгіздей сезіндім. Ақырында олар, менің бақытыма орай, алақандарын ұрғыласып, сауда келісімін жасады.Мен қожайынымның соңынан Бабылдағы ең бақытты адам ретінде алшаң басып кете бардым.

Жаңа мекенім маған ұнады. Қожайыным Нана-наид маған ауладағы тас диірменге арпадан ұн тартуды, ошаққа отты қалай жағуды, бал қатқан тойнанға (пирог)  күнжіт дәндерін үгуді үйретті. Маған жатын орынды астық сарайынан бөлді.Үй қызметіндегі Суасты есімді  қария күң әйел менің тамағымды аш қылмады, ал мен оның ауыр жұмысына қолғабыс еттім.

Мен қожайыныма жағынып, келешекте бостан болуыма қажет мұрсаттың туғандығын ұқтым.

Мен Нана-наидтан қамыр илеу мен нан пісіруді үйретуді өтіндім. Ол менің өтінішімді аяқасты етпестен, наубай кәсібін үйретті әрі менің соншалықты талпынысыма риза болды. Кейінірек, ол үйреткен жайттарды әбден сіңірдім де, сосын бал қатқан тойнан пісіру тәсілін үйрендім. Ақыры, наубайханадағы бар жұмыс менің қолыма көшті.Қожайыным рахаттана демалатын болды, бірақ оның мұнысын Суасты күң жаратпай, басын шайқап жүрді.

«Жұмыссыздық жақсылыққа апармайды», - деумен болды ол.

Мен өзіме ерік құқығын сатып алу үшін қаржы табудың сәті түскенін сездім. Бір күні жұмыстың бәрін түске дейін бітірдім де, Нана-наидтан бұдан былай түстен кейінгі уақытта басқа бір табысты жұмысқа рұқсат етуін сұрап, пайданы бөлісетінімізді айттым. Менің ойыма мынадай іс келген еді: неге көбірек тойнан пісіріп, көшеге шығарып сатпасқа?

Нана-наидтан сұрадым: «Егер де мен түстен кейін, наубайханадағы жұмысымды бітіргесін,саған қосымша екі бақыр тапсам, сол қосалқы жұмыстан түсетін пайданы бөлісіп, өзім үшін адамға керек-жарақ сатып алатындай болсам, сен үшін әділетті бола ма?»

«Бұл әділетті», - деп қостады ол. Мен оған бал қатқан тойнан пісіріп сату жоспарымды айтқанымда, ол мұныма аса риза болды.

«Онда былай істейміз,- деді ол.- Сен екі балнанды бір жез бақырға сатасың.Жартысын маған ұн мен бал және отын алуға бересің де, ал қалған жартысын екеуміз тең бөлісеміз».

Мен мұндай жомарттыққа мәз болдым. Өйткені, табыстың бір ширегін мен өзіме қалдыратын мүмкіндікке иемін ғой. Сол түні мен өзіме тойнан салатын ыдыс жасаумен өте кеш жаттым.Нана-наид маған көшеге киюге жарайтын өзінің ескі киімін берді де, Суасты күң оны жамап-жасқап, жуып берді.

Келесі күні мен молырақ бал қатып, тойнан пісірдім. Оның алтын түстес құрышы барынша тәбет тартып тұрды. Мен өз тауарымды мадақтаған күйі көше кезумен болдым. Басында тойнанға ешкім де назар салмады, мен, тіпті, мазасыздана бастағам.Алайда, кешке қарай, жұрт ашықса керек, тойнанға бірінен соң бірі жармасты да, ыдысым босап қалды.

Нана-найд менің жетістігіме риза болып, үлесімді сол бойда санап берді. Мен сол кезде өзімнің жеке ақшамның пайда болғанына шексіз бақытты едім! Мегиддо «Жақсы жұмыс істеген құлдың еңбегі қожайын көзінен таса болмайды» дегені дұрыс екен. Сол түні менің көңілімнің қозғаны болар, түн ортасына дейін көз ілмедім. Мен бір жылда қанша қаржы табатынымды және құлдықтан құтылуға қанша жыл керектігін есептеп, бас қатырдым.

Күн сайын тойнан сата жүріп, мен өзіме тұрақты сатып алушы қалыптастырдым.Соның бірі, басқа емес, сенің атаң - Арат Құла болатын. Ол қаланың бір шетінен екінші шетіне қара құлы жетектеген есекке артқан кілемін сатып жүретін.Әдетте, ол тойнанның өзіне екеуін, құлына екеуін алатын да, жеп болғанша, менімен әңгіме бөсетін.

Бір күні ол менің есімнен шықпайтын бір нәрсе айтты: «Сенің пісірген тойнаның маған сонша ұнамды, қарағым.Бірақ маған онан да ұнайтыны - оны сата білетінің. Бұл қабылетің сені құлдықтан құтқарады әлі».

Ірі қалада құл болып, туысқаны мен достарынан айырылған және өзінің бейшара халынан құтылуға асыққан мен байғұсқа бұл сөздің қалайша рух бергенін білсең ғой!

Бірнеше ай бойы мен шиланыма жез бақыр толтырумен болдым. Ол кәдімгідей салмақтанып, сыңғырлақтарға лықа тола бастады.Мегиддо айтқандай, еңбек шынында да менің нағыз досым болды. Мен бақытты едім, бірақ Суастының уайымы тарқамады: «Қожайын ойынханаға сонша көп ақшасын жұмсайтын болды. Мен одан қорқа бастадым».

Бір күні Мегиддо досымды кездестіріп, сонша қуандым. Ол үш есекке артылған көкөністі базарға алып келген беті екен.

«Менде бәрі керемет,- деді ол.- Менің жұмысым ұнағасын, қожайын мені құлдарға бақылаушы етті. Көрдің ғой, ол тіпті, маған базарға сауда жасауға да сенетін болды.Жуырда менің жанұямды алдыртты. Жұмыс уайымды ұмыттырады, ал бір күні маған ол бостандыққа шығып, өз шаруашылығымды сатып алуға жәрдем етеді, әлі».

Уақыт өтіп жатты, бірақ Нана-наид менің келгенімді асыға күтіп отыратын болды. Ол табысты жұлып алып, бақырды жалма-жан  санауға кірісетін болды.Енді ол менен алыс базарға барып, бұрынғыдан да көп тойнан сатуды талап етті.

Маған жиірек қаланың қақпасынан шығып, дуал сыртындағы құл қараушыларға тауарымды сатуға тура келді. Мен сол бір масқара көріністі көргім келмесе де, құл қараушылар тойнан алуға құмар болғасын, амалсыз баратын болдым.Бір күні себеттеріне кірпіштің толуын күтіп, иіріліп тұрған құлдар арасынан Забадоны көрдім. Ол қатты арықтапты әрі бүкірейіп кеткен, ал арқасы бишік тигеннен жара мен тыртыққа толы еді.Мен оны аяп кеттім де, оған бір тойнан ұсынып едім, ол ашыққан айуандай, жұлып алды да, асап жіберді.Көзіндегі аңға тән ұшқынды көрдім де, ыдысыма солайымен жармаспай тұрғанда, одан алыс кеттім.

«Сен неге сонша тыраштана еңбектенесің?» - деп сұрады бір күні менен Арат Құла. Есіңде  ме, Хадан Құла, сол сұрақты сен де бүгін маған қойғансың? Мен оған бір кезде Мегиддодан естігенімді айтып, еңбектің маған нағыз дос екенін жеткіздім.

«Құлдықтан босағанда сен не істемексің?» - деп сұрады  ол.

«Саудагер боламын шығар».

Осы сәтте ол маған мен сенбейтіндей сырын ашты: «Сен менің де қожайынмен үлесті бөлісіп жүрген құл екенімді білесің бе?»

- Тоқта! - Хадан Құла ызадан көздері от шашып,оның сөзін бөліп жіберді.- Менің атамның абыройын төгетін өтірікті тыңдағым келмейді. Ол құл болған емес.

- Мен оны тауқыметтен құтылып, Шамның ең қадырлы адамдарының біріне айналғаны үшін құрметтедім,- қабақ шытпастан Шарру Нада сөзін жалғады.- Ал, сен, сол қадырлы кісінің немересі, қай қамырдан жаралғансың?Сен шындықпен бет пе бет келердей мықтысың ба, әлде жалған қиялдың тұтқынында болуды қалайсың ба?

Хадан Құла бойын тіктеді.Оның дауысы дірілдеп шықты.

- Менің атамды бәрі де жақсы көретін. Оның қылған қайырымды істерінде сан жоқ. Ашаршылық болғанда, Мысырда соның ақшасына астық сатып алынып, аш халыққа тарату үшін  Шам қаласына соның  ақшасына керуен жалдап әкелінбеді ме? Ал, енді сен оны Бабылда бейшара құл болды дейсің бе?

- Егер ол Бабылда құл болғанда, нағыз бейшара болар еді.Бірақ ол өзінің мықтылығы арқасында Шамдағы алдыңғы қатарлы адамдарға қосылып, пірлер оны қолдап, құрмет пен абыройға бөленді ғой, - деп Шарру Нада жауап қайырды да, сөзін жалғады.- Арат Құла маған өзінің құл екенін айтып, бостандыққа ұмтылып жүргенін жеткізді. Ол үшін өзінде ақша жеткілікті екенін, бірақ одан әрі не істеу керектігін білмейтінін мойындады. Өйткені, соңғы уақыттары оның ісі кері кете бастап, енді өз қожайынының қамқорлығынан айырыламын ба деп қорқуда екен.

Мен оның мұндай батылсыздығына қарсы болдым: «Дүние шеті сенің қожайыныңа тіреліп тұрған жоқ. Өзіңді ерікті жандай сезініп, ерікті адамдай әрекет ет. Әуелі өзіңе не керектігін анықтап ал, сосын соған қол жеткізуге барыңды сал.»

Ол менің шындықты тура айтып, қайрағаныма алғысын білдірді де,өз жөніне кетті٭.

Бір күні мен қала сыртына тағы шыққанымда, көзім үймелеген адамдарға түсті. Сұрастырсам, біреуі: «Естімеп пе едің? Қарауылдың бірін өлтірген құлды ұстады.Бүгін оның арқасын өлгенше шықпыртады.Патшаның өзі бақылайды екен.»

Қолымдағы тойнан толы ыдысыммен қалың топты жарып көре алмағасын, бітпеген дуалға шығып бақыладым. Ол жерден маған,тіпті, алтын күймелі Набуқұданасыр (Навухдоносор) патшаның өзін көру сәті түсті. Бұған дейін маған соншама ұлылық пен бай киешек көру мүмкін болмаған еді.

Құл байғұстың шыңғырғанын естісем де, өлім жазасын көре алмадым.Бұған дейін мен адамның соншалықты жапа шегуіне неге жол берілетінін ұқпай келген едім, бірақ патшаның айналасындағылармен емен-жарқын әзілдескенін байқап, оның жүрегі соншалықты қатал екенін және бекіністегі құлдарға деген қаныпезерлікке патшаның өзі жол беріп отырғанына көзім жетті.

Құлдың жаны шыққанда, оның мүрдесін аяғынан бағанаға іліп, жұрт назарына қойды.Жұрт ыдырап, сирегесін, мен мүрдеге жақынырақ бардым. Оның жүнді төсінен кеудесіндегі өрілген қос жыланның сұққылап салынған суретін көріп, Қарақшыны таныдым.

Арат Құламен келесіде кездескенімде, ол,тіпті басқа адам болып көрінді.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322