Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4172 10 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 11:50

Қазақстанда қос әліпби болуына үзілді-кесілді қарсымын

Қазақстанда қос әліпби болуына үзілді-кесілді қарсымын. Неге?

1. Тіл халықты ұйыстырушы, біріктіруші басты фактор. Өзге елдерде солай. Екі әліпби Қазақстанды нақты екі лагерьге бөліп тастайды. Ол орыс тілді лагерь және қазақ тілді лагерь. Ондай бөлініс қазірдің өзінде бар, ал екі әліпби оны заңдық негізде шегелеп тастайды деген сөз.

2. Дэн Сяопиннің "бір жотада қос жолбарыс билік жүргізе алмайды" деген сөзі бар. Сол сияқты бір мемлекетте екі түрлі әліпбидің болуы да қате. Қазақ тілді орта мен орыс тілді орта үнемі қақтығысқа әкелетін мәселеге айналады. Банкте, әкімдікте, күнделікті өмірде, құжат рәсімдеу сәттерінде екі тараптың қарама-қайшылығы анық біліне бастайды. Ол басында сөздік қақтығыс, артынша іс-әрекеттік тұрғыдан қақтығыстарға ұласуы мүмкін. Оған еш жол беруге болмайды.

3. Экономикалық тұрғыдан да бұл үлкен шығын. Латын әліпбиінде бір, кириллицада бір құжаттар жасап, кітаптар басу екі есе шығын болмақ.

4. Екі әліпбидің болуы орыс тілін күшейтіп, орыс әлеміне күш береді. Себебі қазірдің өзінде латын әліпбиіне негізделген жүйеге көшкісі келмей, "өй орыс мектебіне бере саламыз" дейтін жандар көбеюде. Ата-анасы кириллицада білім алғандар, балаларын да кириллицамен оқуын қалайды. Себебі латын әліпбиін түсінбейміз деген жаңсақ пікір бар. Оның үстіне қоғамда латын әрпіне негізделген әліпбиді латын тілі деп шатасып жүргендер де көп.

5. Екі әліпбиі бар ел - түбі екіге жарылады. Бұл өз қолымызбен қазақ жерінде 38 параллель жасау ғана деп білемін.

Мен латын әліпбиі жүйесіне көшуді қос қолдап қолдаймын. Көшсек толық көшейік. 18 млн Қазақ Елінің азаматы толық көшуге міндетті. Солтүстікке жалтақтап, екі әліпбиді қатар алып жүреміз деу, екі кеменің басын ұстап, суға кету. Қазақстан бұл мәселеде сақ болуы тиіс. Бір ғана дүниені ұғу керек: бір ел - бір әліпби!

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475