Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1870 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 07:41

Ирандағы тәртіпсіздіктер барысында 19 адам қаза тапты - БАҚ

Алматы. 22 маусым. ҚазТАГ– Ирандағы тәртіпсіздіктер барысында 19 адам қаза тапты. Расталмаған мәліметтер бойынша қаза болғандар 150-ге де жетуі мүмкін. Мұндай ақпарат CNN медиа-корпорациясының сайтында орналастырылыпты.

«... дерек көздерінің мәліметтері бойынша, билікке қарсы шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыс барысында 19 адам қаза болды. Расталмаған мәліметтер олардың саны 150-ден асқанын айтады», - делінген CNN хроникасында.

Мемлекеттік «Press TV» арнасының мәліметтері бойынша, сенбі күні «полиция мен лаңкестер отрядының арасындағы қақтығыс нәтижесінде» қаза болғандар саны 13 адам болған.

Бұл ретте, ирандық ақпараттық агенттіктердің хабарлауы бойынша, полиция наразылыққа шыққандармен қақтығыс болған жағдайда қару қолдануға рұқсат алмаған.

Мемлекеттік телевидение мен радио кеңселері Иран ішкі істер күштерімен күшейтілген күзетке алынған.

BBC хабары бойынша, сенбі күнгі тәртіпсіздіктер барысында 457 адам ұсталған.

«Репортеры без границ» («Шекарасыз репортерлар»)халықаралық ұйымы жергілікті 23 журналист пен блоггерлер қамалғанын хабарлайды. 

Ирандағы тәртіпсіздіктер Махмуд Ахмадинежад жеңіске жеткен 12 маусымдағы президенттік сайлаудан соң басталды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2467
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5404
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4681