Сейсенбі, 1 Қазан 2024
46 - сөз 4265 1 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 10:35

Колумбия университетіндегі деректер туралы

Human Rights Watch ұйымының архиві Колумбия университетінің кітапханасында орналасқанын осының алдында жазған едім.

Көктемде сол архивте бірнеше күнім өтті. Желтоқсан оқиғасына байланысты дерек іздедім. Арасында адам құқығына, сөз еркіндігіне байланысты өзге де қызық мәліметтер бар екен.

Бір қызығы, қораптардың ішіндегі қызыл белгі қойылған файлдар бар екен. Архив қызметкері оқырманға/пайдаланушыға қандай да бір қорапты берерде ішіндегі әлгіндей қызыл белгісі бар файлдар болса шығарып алып, бөлек қойып қояды. Ол файлдардың сипаттамасы архивтің сайтында бар, ол жерде ол файлдар 2040/2050 жылдары ашық болады деп жазылған. Ойыма келген жалғыз себеп - ол файлдарды қазір жариялау онда аты аталған адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

ҚазТАГ-тың мына бір хабарламасында Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Жансая Сабитоваға шығарылған үкім жайында жазылған екен.

Дархан Өмірбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір