Бағдарлама бойынша Түркия, Ливан, Иордания, Жерорта теңізі аймағындағы елдер, Нигера және Руанда мемлекеттерінен босқындар қабылдайды деді БҰҰ-ның босқындар бойынша жоғарғы комиссары.
Еурокомиссия мәліметі бойынша, Еуроодақ елдеріне 2015 жылдан бастап 65 мыңнан астам босқын келген. ЕО бюджетінен қабылдаушы мемлекет әр мигрант үшін 10 мың еуро қаржылай көмек алады.
Соңғы жылдары Еуропаға Африка және Таяу Шығыс елдерінен ондаған мың босқын қашып барған. Олардың көбі Жерорта теңізін жүзіп өтпек болған кезде қайтыс болған. 2019 жылы 400 мың босқын қаза тапқан, оның ішінде балалар да бар.
ЕО-ның кейбір елдері босқындарды қабылдаудан бас тартқан.
Abai.kz