Бұл құжат ел президенті Владимир Зеленский мен оның "Халық қызметшісі" ("Слуга народа") партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басты уәделерінің бірі болатын. Мемлекет басшысы сол кезде егер депутаттар коррупциямен айыпталып жатса, заң оларға қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік беруі тиіс деген.
Бірақ заң жобасын "Еуропалық ниеттестік", "Батькивщына" және "Дауыс" фракциясының депутаттары қолдамады.
Заң Украина Конституциясындағы "депутатқа қол сұқпауға кепілдік беріледі" деген 80-бап және "Жоғарғы Раданың келісімінсіз депутаттарға қылмыстық іс қозғай алмайды" деген бап алынып тасталған.
Аталған заңға сәйкес, елдің бас прокуроры депутатты ұстауға шешім шығара алады.
Коррупцияға қарсы күрес орталығы жаңа құжат депутаттарға қарсы қылмыстық іс ашу үшін монополия құруға мүмкіндік береді деп есептейді.
"Мамандандырылған коррупцияға қарсы прокуратура мен Ұлттық коррупцияға қарсы бюро егер депутатты парамен ұстаған жағдайда да тергеу жүргізе алмай қалады", деп жазады Hromadske.
"Бүгін бас прокурор біреу, ертең басқа, арғы күні мүлдем басқа адам болуы мүмкін. Бұл саяси және коррупциялық қылмыс туғызуы мүмкін. Бір адамның қолына бар құзыретті беріп қойдық", - деп мәлімдеген "Еуропалық ниеттестік" партиясының депутаты Алексей Гончаренко "Настоящее Время" телеканалына берген сұқбатында.
Abai.kz