Сенбі, 23 Қараша 2024
3502 26 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 12:17

Латын графикасына көшу жұмыстарының нәтижесі және алдағы міндеттер талқыланды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 «Латын графикасына көшу жұмыстарының нәтижесі және алдағы міндеттер» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологоиялық және Сараптама-техникалық жұмыс топтарының біріккен отырысы өтті.

Отырысқа Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов және Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық, Сараптама-техникалық жұмыс топтарыны мүшелері қатысты.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов «Атқарылған жұмыстар мен міндеттер», А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ономастика бөлімінің меңгерушісі Рысберген Қыздархан «Қазақстан азаматтары аты-жөндерінің және Қазақстан географиялық атауларының латынграфикалы әліпби негізінде жазылу ережелері», А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің меңгерушісі Орынай Жұбаева «Қазақ тілінің пунктуациялық ережесі» және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова «Әліпбиді жетілдіруге байланысты апробациялық жұмыстар нәтижесі» тақырыбында баяндамалар жасады.

Сонымен бірге жұмыс топтарының мүшелері алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға байланысты ұсыныстары нақтыланды.

Шараға қатысушы Жанат Аймағанов латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіруге қатысты жобасын ұсынып, ғалымдар тарапынан талқыланды.

Отырыста Ұлттық комиссия жанынан құрылған 4 жұмыс тобының латын графикасына көшу бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Жұмыс тобы мүшелерінің әдістемелік құралдар әзірлеудегі есебі тыңдалды.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456