Сенбі, 23 Қараша 2024
4254 2 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 16:53

Шыңжаңдағы қысымды айыптаған Месут Өзілді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қолдады

Өткенде, 13 желтоқсан күні есім-сойы әлем халқына белгілі футболшы Месут Өзіл өзінің «Твиттер» желісіндегі жеке парақшасында Қытайдағы аз ұлттарға, оның ішінде мұсылмандарға жасалып жатқан қудалауды айыптап, жазба жариялаған еді.

Тегі түрік футболшы «Твиттерде»: «Олар Құранды жойып жатыр. Олар мешіттерді жауып жатыр. Медреселерге тыйым салуда. Құдайшылдарды біртіндеп өлтіруде. Еркектерді күштеп лагерлерге жауып, олардың отбасыларын қытай еркектерімен алмастыруда. Қыздарды күштеп қытайларға күйеуге беріп жатыр», деп жазды.

Ағылшындық «Арсеналдың» ойыншысы Месут Өзілдің бұл жазбасын дүние халқы сөз етті. Жазбасын қызу талқы қылды. Өзілдің жазғандарына қатысты пікірлер де әралуан. Қолдағандар да, керісінше наразылық айтқандар да болды.

Осыдан кейін, Қытай билігі «Арсенал» - «Менчестер Сити» ойынын ел аумағында көрсетпейтін болды. Оған қоса, Месут Өзілдің әлеуметтік желі аккаунттарын Қытай территориясында бұғаттаған. Қытай СІМ өкілдері Месут Өзілді Шыңжаңдағы жағдайды өз көзімен келіп көруге шақырған.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Мейк Помпео «Твиттердегі» парақшасында «Арсенал» ойыншысына қолдау білдіріп жазба жариялады.

«Қытай коммунистік партиясының пропогандалық арналары Өзіл мен «Арсенал» ойынын бүкіл маусым бойы бұғаттауы мүмкін. Бірақ әділет (шындық) түбі салтанат құрады. Компартия әлем халқынан ұйғырлар мен басқа да діни конфессия өкілдеріне қарсы жасалып жатқан адам құқықтарын бұзушылықты жасырып қала алмайды», деп жазды АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434