Германия мен Еуроодақтың араағайындығымен өткен келіссөз тоғыз сағатқа созылды деп хабарлайды dpa агенттігі.
Ресейдің энергетика министрі Александр Новактың сөздерінше, екі елдің өкілдері алдағы келісімдерге қатысты нақты хаттама әзірлеген. Украинаның энергетика министрі Алексей Оржель дайындалған хаттама жайында растағанын "Ведомости" газеті жазды.
Шефчовичтің сөздерінше, түбегейді келісімдер 20 желтоқсанда Мәскеуде және Киевте талқыланады. Еурокомиссия вице-президенті келісімге жыл соңына дейін қол қойылады деп үміттенеді.
Келісімдер негізінде Ресей газы Украина арқылы Еуропаға тасымалданады. Келісім шарты ашық жарияланбады.
Газ транзиті жөніндегі қолданыстағы келісім мерзімі жыл соңында аяқталады. Ресей мен Украина президенттері Париждегі кездесуде келісімді созу жөнінде талқылап, нақты шешімге келе алмаған.
Abai.kz