Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы ауданның күзет қызметі жолаушыларды эвакуациялағанын, оларға тамақ беріп, автобусты жөндеуге көмектескенін хабарлады.
Өзбекстан сыртқы істер министрлігі азаматтарға қыс уақытында Қазақстан арқылы жүретін автобустармен сапарға шығару қауіпті екенін ескертті.
Биыл қараша айында дәл осыған ұқсас жағдай тіркелген. 20 қарашада Өзбекстанның 55 азаматы Ақтөбе облысында жолда бұзылып қалған автобустан құтқарылды.
2018 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысы аумағында Өзбекстанның 52 азаматы мінген автобус өртеніп, жолаушылар қаза тапқан еді.
Abai.kz