Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4742 8 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 12:17

Өзбекстандағы оң өзгерістер

Ағылшынның The Economist басылымы 2019 жылғы "country of the year" номинациясын Өзбекстанға беріп отыр. Басылым қандай өзгерістерді нақты ескеріп отыр? Тізімін жазып көрейін:

- Халықты жаппай күштеп мақта теруге мәжбүрлеу тоқтатылды;

- Нашар атымен танымал "Жаслық" түрмесінің жабылуы;

- Шетелдік журналистердің елге кіруіне жол ашылды;

- Шағын бизнесті қысымға алатын үкіметтегі бюрократтар әрекеті тоқтатылды;

- Көптеген елдерге шекара ашылды (85 елдің азаматтары Өзбекстанға визасыз кіре алады)

- Орта Азия елдерімен шекара қарым-қатынасы жақсарды (Әсіресе, Тәжікстанмен. Тәжікстан Президенті соңғы рет Өзбекстанға 2001 жылы келген екен)

- Ел экономикасын дамытуға шетелдік технократтар шақырылды;

- Елде саяси сын айтатын азаматтар пайда болды;

- Медиаға еркіндік берілді;

- Мемлекеттік арналарда саяси жаңалықтар объективті түрде беріле бастады;

- Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің ұлықтығы жойылды (СНБ басшылары қамалды);

- Қарапайым өзбектер еш қорықпай саяси сауатын арттыра алатын болды:

"Uzbekistan still has a long way to go, but no other country travelled as far in 2019", деп бітеді The Economist анализі.

Сіздің ойыңызша, Өзбекстанда тағы қандай өзгерістер болды?

Жолдас Өрісбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394