Алиментті борышкердің ата-анасынан өндіру ұят
Алиментті борышкердің ата-анасынан өндіруді ұсынған Әділет министрі Марат Бекетаев басқа планетадан келген адам сияқты.
Қарияларды қыспаққа алғанша сот орындаушылар заң аясында жұмыс істесін. Заң бойынша бала-шағасына қаржылай көмектеспеген әке немесе шешені 1 жылға бас бостандығынан айыруға болады. Жеке сот орындаушылардың қызметін қадағалаңыз. Айды аспанға шығарып, елді келеке еткені несі?
Италияның зейнеткерлері сияқты біздің ата-әжелеріміздің зейнетақысы қомақты емес.. Ұят енді..
Көпбалалы аналарды абыржыттық. Ақсақалдар мен апаларымызды сотқа сүйрелеу адамгершіліктен жұрдай болуға жақындататын әдемі тәсіл.
Жазира Бегалының әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz