Бұл жөнінде адвокат Жанар Балгабаеваға қамауда отырған қорғауындағы белсенділер Асхат Жексебаев пен Қанат Жақыпов айтқан.
Адвокаттың айтуынша, Әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша ("Митинг өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзу") қамауда отырғандар өздерін тез арада босатуды талап етеді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында әкімшілік жазаға тартылып, 13 тәулікке қамалған Ноян Рақымжанов та қамауда аштық жариялағанын айтады. Ол бүгін, 23 желтоқсанда қамаудан босап шықты.
- Менімен бірге Райымбек есімді бір жас жігіт шықты, екеуімізді алып тастағанда жиырмадан аса адам аштық жариялап отыр. Біз де екі күн аштық жарияладық, - деді белсенді.
Алматы қалалық полиция департаменті Азаттыққа қамауда отырғандардың аштық жарияланғанын растамады.
Abai.kz