Дубайдағы ЭКСПО дан пайда түседі дегеннің бәрі бос әңгіме
Еліміздің витринасы экономикалық жағдайымыздан үлкен болғанда
Еш түсіне алмай-ақ қойдым, біздің шенеуніктер 3420 шаршы метрде көрме өткізіп не көрсетпекші өзі? Өзімізден шығатын өнімдер әрі кеткенде 500 шаршы метрге сыйып кетеді.
Одан да жай ғана 100 шаршы метрді алып, бiр бөшке мұнайды төгiп, орта тұсына 9 млрд. теңгені қойып қойса, бiздiң ел туралы көбiрек ақпарат көрсетер едi. Мiне мұнай, мiне ақша деген ағыл тегiл. Ақша жағынан да әлдеқайда үнемді, пиар тұрғысынан да әлдеқайда ұтымды болатын еді. Есесіне көрмеден кейін жаңағы ақшаны қайтарып алып, керек жерге жұмсауға болатын еді.
Ал шенеуніктердің кейіннен бұл павильондардың бәрін кәдеге жаратамыз, олар сосын пайда әкеледі деген ақталуларының бәрі бос әңгіме.
Біз Экспо мен Азиададан соң әлі күнге дейін «қаптаған» туристерді қайда тығатынымызды білмей отырмыз.
Бірақ жоғары жақ бізді бірнеше рет осылай деп сендірді.
Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz