Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Спорт 1296 0 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 13:08

Конфедерация кубогының жартылай финалистері анықталды

 

 

 

 

Дәстүр бойынша қазан айында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері концедерациясының кубогының іріктеу кезеңдері өтті. Бір айға жалғасқан жарыста Қазақстанның 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары өзара бақ сынасты.

Жеребе бойынша «А» тобына Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы түсті. Олар 26-27 қазан күндері топ үздіктерін анықтады.

Дзюдо бойынша Ақтөбе облысы жартылай финалға жолдама алса, грек-рим, еркін күрес, таеквондо және каратэ бойынша Алматы облысының командасы үздік танылды.
Бокс бойынша «А» тобында Қарағанды облысы, қазақ күресінен "Qyzyljar Arlandary" спорт клубы жартылай финалға шықты.
«В» тобының іріктеу кезеңі 19-20 қазан күндері Қостанай қаласында өтті. Қостанай облысы, СҚО, ШҚО және Жамбыл облысының құрама командалары өзара мықтыны анықтады.
ШҚО спортшылары дзюдо мен еркін күрестен, грек-рим бойынша Қостанай облысы, таеквондо мен каратэден Жамбыл облысы, бокстан Нұр-Сұлтан спортшылары мен қазақ күресінен "ЗАК КАР" қазақ күресі спорт клубы жартылай финалға жолдама алды.
12-13 қазан күндері Қарағанды жерінде «С» тобынанан Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласының командалары арасында жартылай финалистері белгілі болды.
Қарағанды облысы дзюдо бойынша үздік танылса, Түркістан облысы таеквондо, Нұр-Сұлтан қаласының командасы еркін күрес бойынша мықты екенін дәлелдесе, Шымкент қаласының каратэ мен грек-римк күресінен құрама командалары іріктеу кезеңінен іркілмей шықты. Бокстан Түркістан облысы, "Qazaq kuresi" қазақ күресі спорт клубы финалдық жолдама үшін күресетін болады.
5-6 қазан күндері Оралда «D» тобының үздіктері анықталды. Жеребе бойынша бұл топқа БҚО, Қызылорда облысы, Манғыстау облысы,
Алматы облыстары түскен болатын.
Дзюдо, таеквандо, грек-рим және еркін күрес спорт түрлері бойынша Алматы облысы, каратэ бойынша Маңғыстау облысының спортшылары өз топтарында топ жарды. Бокстан Маңғыстау облысы жартылай финалға шықса, қазақ күресінен "Орталық армия спорт клубы" жартылай финалда белдеседі.
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінің
Конфедерациясы Кубогының 2019 жылдың жартылай финал және финалдық
ойындары 7 мен 8 желтоқсанда Алматы қаласында, Балуан Шолақ спорт
кешеңінде өтеді.
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінің
Конфедерациясы Кубогының 2019 жылдың жүлде қоры 165 миллион теңгені құрайды.

0 пікір