Бейсенбі, 3 Сәуір 2025
Мәлімдеме 6271 15 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 10:21

Президент: Ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. 

Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады, - деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі Алматы қаласы маңында апатқа ұшырап, салдарынан 12 адам көз жұмып, 12 адам жарақат алған.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 874
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3192
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2186