Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
5029 0 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 11:39

Түркия Ливияға әскерін кіргізбек

Түркия президенті Ливия ұлттық келісім үкіметін генерал Халиф Хафтар күшінен қорғау үшін әскерін жіберетінін мәлімдеді. Тиісті ұсынысты Режеп Ердоған парламентке жіберді.

Түркия лидері қаңтар айында парламент мақұлдауын күтетінін айтты.

Осының алдында Анкара Ливияның ұлттық келісім үкіметімен екі келісімге келген. Онда Түркия қазіргі Ливия билігін мойындай отырып, қауіпсіздік және әскери салада көмек көрсетілетіні айтылған.

Ердоғанның өзі бүлікшіл генералға Ресей әскерінің көмектесіп жатқанына үнсіз қарап отырмайтынын мәлімдеген. Түркия лидерінің айтуынша, Ливияда Ресейдің Вагнер жекеменшік әскери компаниясының екі мыңнан астам әскері бар.

Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, Лияивиядағы Хавтар халықтық армиясына Ресейден бөлек Франция, Египет және Біріккен Араб Әмірлігі көмек көрсетіп жатыр. Хафтар өкілдері Анкараны Тунис арқыры Ливияға "Ислам мемлекеті" террористік тобының жиһадшыларын жіберіп жатыр деп айыптайды.

Ресей Ливияда соғыс аяқталғанына мүдделі екенін айтып, Ливияда азаматтық әскерінің барын теріске шығарып келеді.

Ливиядағы ұлттық келісім үкіметі 2015 жылы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қолдауымен уақытша құрылған.

Дала командирі маршал Халиф Хафтар – кәсіби әскери адам, америкалық және ливиялық азаматтығы бар. 2015 жылдың наурыз айында ол әскери қолбасшы болып тағайындалған. Қазір Хафтар Ливия халықтық армиясын басқарады. Оның қоластында әскери әкімшілікті алмастыратын тоғыз муниципалды кеңес бар. 2019 жылдың мамыр айында Ливияда екінші азаматтық соғыс басталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 461
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2129
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1807
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 945