Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
46 - сөз 8557 47 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 12:05

Жаңа жылды атап өтпейтіндер басқаларға артық әңгіме айтпағандары жөн

Бүкіл әлем қаңтар айынан басталатын күнтізбені қолданатыны айтпаса да түсінікті. Бүгінде көпшілік мұсылмандар да солай. Өйткені үлкен әлем кішкентай ғана ауылға айналған мына жаһандану дәуірінде тіршілігімізді осы күнтізбеге қарай реттейміз.

Ендеше, онсыз да күнделікті өмірде жыл бойына қолданылып жүрген күнтізбенің аяқталуын қорытындылап, жаңа жылдың басталуын атап өтудің дінмен ешқандай қатысы жоқ. Атап өтпеудің де тақуалықпен байланысы шамалы. Тіпті ұжымыңның жыл бойы жасаған жұмысын бағалап, оларға алғыс білдіру, сыйлық жасап қуанту сауапты іс, үлкен мәдениет. Бастысы атап өтуде шариғат тыйған іс-әрекеттерден, ысырапшылдықтан аулақ болса, болғаны.

Астын сызып айта кетейін, ескі жылды қорытындылап, жаңа жылды атап өтуге ешкім мәжбүр емес. Атап өту үшін өтірік аяз атасы да, дастархан басында 24:00 күту де шарт емес.

Сондай-ақ, атап өтпейтіндер басқаларға артық әңгіме айтпағандары жөн. Әркімнің өз таңдауы.

Ал бұл уәжіме келіспейтіндер 2020 жыл деген сөзді келесі жылы күнделікті өмірде мүлдем қолданбағандары дұрыс. Өйткені қолдану арқылы өздеріне өздері қарсы шығып, жаңа жылды мойындаған болады.

Жаңа жылды наурызда атап өтемін, ұжымымды осы уақытта марапаттап, алғыс айтамын десеңіз оған да мархабат.

Иса пайғамбардың туған күніне байланысты христиандар арасында әртүрлі көзқарас бар. Солардың ешбірінде 1 қаңтар Иса пайғамбардың дүниеге келген күні емес.

Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

47 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 206
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 252
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 235
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 166