Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3980 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 04:17

Камал Бұрханов: Қазақстанның дінде қашанда өз жолы болды

Мұсылмандар үшін қасиетті ай - Рамазан аяқталды.  Исламды қабылдағандар үшін бұл тек ең маңызды, асыға күтетін мереке емес, сауапты іс жасап, Құдайға құлшылық ету амалы. Саясаттанушылардың  пікірінше, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда нағыз рухани ренессанс жүріп - діни бірлестіктердің саны алты еседен астам өскен көрінеді! Қазір республикада 3 мыңнан астам мешіт, шіркеу, ғибадат үйі жұмыс істейді.  Сонымен қатар осы діни еркіндікте түйінді түйткілдер мен шешімін күткен мәселелер де аз емес. Солардың кейбіреуіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,  саяси ғылымның докторы Камал БҰРХАНОВ жауап береді

Мұсылмандар үшін қасиетті ай - Рамазан аяқталды.  Исламды қабылдағандар үшін бұл тек ең маңызды, асыға күтетін мереке емес, сауапты іс жасап, Құдайға құлшылық ету амалы. Саясаттанушылардың  пікірінше, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда нағыз рухани ренессанс жүріп - діни бірлестіктердің саны алты еседен астам өскен көрінеді! Қазір республикада 3 мыңнан астам мешіт, шіркеу, ғибадат үйі жұмыс істейді.  Сонымен қатар осы діни еркіндікте түйінді түйткілдер мен шешімін күткен мәселелер де аз емес. Солардың кейбіреуіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,  саяси ғылымның докторы Камал БҰРХАНОВ жауап береді

ТАРИХ ҚОЙНАУЫНДА

- Камал Низамұлы, қазір мешіттер мен шіркеулер бой көтеріп, сенушілер қатары көбейіп, дінге деген қызығушылық артып отыр. Тіпті мектептерде дінтану пәні енгізілуде. Қалай ойлайсыз, бұл жағымды  құбылыс па немесе теріс пе? Қай шекке дейін дін қоғамға дендеп енеді. Қазақстан Конституциясында біздің зайырлы мемлекет екеніміз, дін мемлекеттен бөлек екендігі айқын жазылған ғой ?

- Дінді дамыту мәселесі соншама күрделі, соншама терең оған бір сөзбен жақсы немесе жаман деп жауап бере қою мүмкін емес. Оны тарихи, дүниетанымдық,  тіпті, саяси тұрғыдан келіп қарастыру керек.  Айталық, кеңес кезеңінде орасан қуатты идеологиялық машина жұмыс істеді. Ол жақсы ма, жаман ба, басқа мәселе, бірақ ол шын мәнінде жұмыс істеді. Ал кез келген идеология үш құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден ол-базис, теориялық негізі, екінші бөлігі - осы теорияға негізделетін жеке идеология және үшіншісі - насихат. Кеңестік идеологияға келетін болсақ,  оның ірі теоретиктері мен табынушылары Маркс, Энгельс және Ленин болды. Бірақ ол Құдай жоқ деген агрессивті атеизмге құрылды.

- Белгілі маркстік формула «Дін - соқыр сенім» анекдотқа да арқау болды емес пе?...

- Дұрыс айтасыз. Кеңестік құрылым дінді, дін өкілдерін жау көрді. Сондықтан олармен аяусыз күресіп - шіркеулер мен мешіттер ойын-сауық орындарына, қоймаларға, тіпті ат қораларға айналдырылды! Тіпті сәулет өнерінің керемет туындыларына аяушылық жасалған жоқ. Мәселен, сталиндік кезеңде Мәскеуде Құтқарушы Әулиенің шіркеуін жарып жіберді... Он мыңдаған дін қызметкерлері халық жауы ретінде итжеккенге айдалды, атылды.

- Дінге сенгендердің  соңына шырақ алып түсті деңізші.

- Дәл солай. Кеңестік идеологтар қанша тырысқанымен, адамзат тарихынан мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан дінді жою мүмкін емес еді. Ислам мен христиандыққа дейін де басқа діндер болды. Тарихтан белгілі, ежелгі ғасырда  қазіргі Орталық Азия аумағында тұтас қалалық өркенниет өмір сүрген. Сол кезде сол қалада бір мезгілде түрлі шіркеулер басқа да діндер шіркеулерімен қатар тұруы әбден мүмкін. Мәселен, зороастрийлік буддамен немесе манихейлік несторианмен деген сияқты...

Егер біздің негізгі діндерімізге дұрыстап назар салатын болсақ, онда Орталық Азия аймағына христиан діні Киев Русіне қарағанда анағұрлым ертерек V ғасырда келгенін көреміз. Бірақ мұнда ол несториандық негізде болды. Оның негізін қалаушы - константинопольский архиепископ Несторияның есімімен христиандық шығысқа қарай тереңірек, Моңғол жеріне жылжыды. Христиан-несториандықтар ретінде мәселен, қуатты тайпа наймандарды атауға болады. Кейін олар қазақ этносының бір бөлігіне айналды. Тіпті сол ежелгі кезеңдерде қай дінде болса да ешқандай алауыздық, жаулық көзқарас болған жоқ. Әрқайсысы өздерінің шіркеулеріне барып сыйынып жүрді. Екінші сөзбен айтқанда, сол ұстанымды қазір Қазақстан да ұстанып отыр. Әрқайсы өз дініне сенеді, ешкім ешкімге кедергі жасамайды.  

-  Конфессияаралық татулық ұстанымы ма?...

- Өте дұрыс айтасыз. Кеңес кезеңінде тіпті мерекелерге де қатаң қарайтын - жаңажылдық шыршаға да дінмен байланыстыра қарап, тыйым салған уақыттар болды. Немесе Наурызды алыңыз. Кеңестік насихат оны діни мұсылман мерекесі ретінде тойлануына тыйым салды. Айтпақшы, көпшілігі Наурыз тек мұсылмандардың жаңа жылы деп ойлайды. Тіпті де олай емес! Ол Орталық Азия халықтарының күн мен түннің теңелген уақытын атап өтетін көктемгі мерекесі. Ол ислам пайда болған уақыттан көп бұрын өмір сүріп келді. Ал мұсылман жаңа жылы жыл сайын 10 күнге алға жылжып отырады. Сондықтан мұсылман күнтізбесінде григориандағыдай 365 күн емес, 355 күн. Неге десеңіз, ай күнтізбеге байланысты саналатын болған. Осыған байланысты Құрбан айт, Ораза айт, басқа да мерекелер жыл сайын он күн алға жылжып отырады.

- Басқаша айтқанда, кеңестік идеология қараңғы бөлмеден қара мысық  іздеген ғой.

 

- Солай деп айтуға да болады. Кейбір мерекелер діни негізге VIII ғасырда әуелі Қазақстанның оңтүстік аймақтарына исламның келуімен ене бастады.  Оны кей жерде күшпен, кей жағдайда саясатпен, енді бір кезде мұсылмандарды салынатын салықтан құтқарып, үгіттеу арқылы енгізді. Шындығында күшті насихат жүргізілді. Нәтижесінде ислам Орталық Азияға  дендеп енді. Құжаттардағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда IХ ғасырдың аяғында алғашқы мешіттер пайда бола бастаған.  Менің атап айтқым келетіні, бағзы заманнан орталық азия халықтарында түрлі дінге деген толерантты көзқарас болды.

 

- Тіпті, қылышынан қан тамған сталиндік идеология да халықтан осы діни бастауды  жойып жібере алмады емес пе?

- Жойып жібере алмады. Өйткені ислам да, христиан да өте күшті діндер.  Күштілігі сонда олар әлемді өздеріне  мәңгілікке бас игізіп тұр. Бұл әлі ешкім аяғына дейін түсініп болмаған өзіндік ерекшелігі бар тарихи феномен.  Рим империясының шетіне керіп тасталған Иса пайғамбарды (Иисус Христ) алыңыз, Жаратушыға Римнің орталығы, Римнің жүрегі  Ватикан болғаны тиімді болса керек, ол христиан әлемінің астанасына айналды.  

Немесе Меккені қалай түсінесіз? Бұл - өркенниеттің шырқау шыңы.  Ол Вавилон емес, Мысыр емес, Греция немесе Рим деп те айтуға болмайды. Тіпті Палестина мен Персияға да ұқсата алмайсыз.  Бұл сол кездегі артта қалған өркенниеттің шегі еді. Ал Мұхаммед пайғамбар - бакалавр да,  магистр де, ғылым кандидаты да, ғылым докторы да болмаған адам, не оқу, не жазу білмей тұрып,  40 жасында  Аллаһтан түскен ұлы кітап - Құранды  айызша айтып жеткізді. Міне, мыңдаған жылдардан астам уақыт азамзат баласы  осы кітапқа бас иеді.  Құдіретінен сусындайды, бірақ әлі оның данышпандығының тереңіне бойлай алмай келеді. Бұл қалай? Неге? Біз тек мұны болжаммен ғана пайымдай аламыз.  Бірақ біздің бір білетініміз, Құраннан да, Таураттан да (Библия) адамдар тұрмыстың күрмеуі қиын түйіндеріне жауап іздейді, үлкен үміт артады. Бұл діндердің күші де адамдардың ақылы мен жүрегіне жол табуында жатыр.   

ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК

-Бірақ қандай дінде де уақыты  өте келе  әртүрлі  тармақтар, тіпті секталар пайда болып жатыр,  осылармен негізгі діндер әрдайым күресіп те келеді емес пе?

- Әрине, кез - келген дін - мейлі ол христиандық, мұсылмандық , буддалық... болсын - бұл белгілі бір сенім мен нанымға, дәстүр мен салтқа, сонымен өмір сүруге мойын ұсындырған, сол жолға құрбандыққа баруға мәжбүр ететін, соған бейілін беруге әзірлікке икемдейтін зиятты, идеологиялық  күш (механикалық тұрғыда - ықпал ету).  Ондықтан да, сөз жоқ, осы интеллектуальдық тасқында әртүрлі ағымдар,қасиетті жазбаларды, қандай да бір хадистерді әртүрлі түсіндірулер пайда болды.

Мәселен, христиандық католиктік және православиялық болып бөлінді, кейіннен протестанттық бағыт пайда болды. Сол сияқты исламда да сүниттік, шейіттік ағымдар бар, протестанттық бағыты да болған, ол жәдитшілдік деп аталған.Бұл шынында да белгілі бір діни қағидалар мен пайымдауларға көрсетілген қарсылық болды. Бірақ жәдитшілдік кеңінен таралып кете алған жоқ. Ал сүниттік шейіттікпен қатар исламның негізгі бағыттарына айналды.

«Сүнет» сөзі арабшадан аударғанда «жол» деген мағынаны білдіреді. Исламның ұстанымында Мұхаммедтің айтқандары мен іс- әрекеттері, яғни пайғамбардың өмір жолы сүнетте негізге алынады, әрі оның істері мен айтқандарын ұстануға айрықша мән беріледі. Сүнет маңыздылығы жағынан Құраннан кейінгі екінші болып табылады. Сөз ретінде айта кетсек, сүнеттер қазіргі кезде барлық мұсылман дүниесінің 90% құрайды. Осы арада сүнеттік бастапқы кезінен-ақ діни радикализм мен экстремизмді айыптайтын бірқалыпты ағым болып отырғандығын айтқым келеді. Уақыт өте келе, адамзат пен өркениеттің дамуына байланысты сүнеттік төрт ағымға жіктелді. Міне, сондықтан да, сүнеттіктің бірқалыпты аясында қазақтарға және тұтастай алғанда Қазақстанға тән дәстүрлі ханафиттік мазхаб дамыды.

-Сонда оның мәні неде?

-Ханафиттік мазхаб - бұл сүнеттік исламдағы төрт негізгі құқықтық мектептердің бірі. «Мазхаб» - бұл әрбір мұсылман ұстануға тиіс нанымдық -құқықтық мектеп. Қазіргі кезде ханафиттік мазхаб ислам әлемінде кеңінен таралған. Барлық түркі халықтары, оның ішінде қазақтар да, осы құқықтық жолды дәстүрлі ұстанушылар болып табылады. Оның негізін қалаушы мұсылмандар арасында имам әл-Ағзам (ұлы имам) ретінде танылған Әбу Ханифа. Түркі діндары Хамди Аксекидің пікірінше, ханафиттік мазхабтың негізін қалаушы түркі тегінен шыққан. Әбу Ханифа 699 жылы Ирактағы Куфе қаласында туған. Сол уақытта ол халифаттың мәдени орталықтарының бірі болған, бұл оған Пайғамбардың көзі тірі шәкірттерінің бірі болуға мүмкіндік берді.

Әбу Ханифа бірнеше ондаған жылдар бойына мұсылмандық ұстанымды (бұдан әрі  - құқық деп қабылдау керек) ислам әлемінің ең көрнекті ғалымдарынан үйренген.Осыдан кейін оның өзі ислам ілімінен дәріс беріп қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асырудың ең ұтымды әдістемесін жасай алды. Әбу Ханифа қандай да бір тақырыпта сөз сөйлеген емес, ол тек туындайтын салдарларды, оның мәнін ғана ұғындырып, ал бұдан кейін шәкірттеріне өзімен бірге қажылыққа баруды ұсынған. Олардың пікірлері кей жағдайда Ұстаздың пікірімен сай келіп жатса, кейбірі қабыспаған. Түйіндей келгенде, Әбу Ханифа осы әдеттен тыс пікірлесуді жинақтай отырып, ол өзінің шәкірттерімен бірге ортақ шешімге келген. Тағы да сөз ретінде айтар болсақ, осы әрекет көп жағдайда гректің философы - Сократтың сөз жарысын еске түсіреді.

-Шынында, өте ұтымды тәсіл. Осыған қатысты ханифаттық мазхаб қандай да бір дәрежеде діни қағидаттарды теріске  шығара ала ма деген сұрақ қойсақ қалай болады?

- Мәселенің түбірі осында. Ханафиттік мазхабтың негізін қалаушылар діни мұраларды керісінше түсіндірмеу аясына бағытталған. Нәтижесінде, осы мазхабтың ұстанымында өмір сүріп келе жатқан елдер мен халықтар әлемдік мәдениет пен ғылым қазынасына баға жеткісіз үлес қосып келеді. Ханафизммен астарлас еркін ой, түптеп келгенде, Әл-Фараби мен Авицина сияқты әлемдік ұлы ойшылар өмірге келді. Бірақ олардың әлемдік өркениетке қандай да бір бейтараптық, болмаса исламдық ешқандай қатысы жоқ. Бұл жайында өзім пікірлескен белгілі ғалым Александр Койре: «...Мұсылмандар латындық Батыстың ұстаздары әрі тәлімшілері болды, өйткені егер де гректердің философиялық  және ғылыми еңбектері тікелей латын тілінде жазылып, ал олардың араб тіліндегі нұсқалары болмауының себебі сол, Батыста, аз ба, әлде көп пе, ол жағын кім біліпті, көне грек тілін білетін, Аристотельдің «Физика» немесе «Метафизикасы», болмаса Птолемейдің «Альмагесті»  ғылымын ешкім де ұғынып, түсіне алмас еді. Егер де Фараби, Әбу Сина немесе Аверроэса болмаса, бұлардың барлығы бізге жетпейтіні анық. Аристотель мен Платонды білу үшін -білікті филологтар айтып жүргендігіне қарамастан - көне грек тілін, бұған қоса философияны жете меңгеру қажет. Ал көне латын тілі болса, ол философия деген қағидатты мүлде ұстанбаған», - дейді.

Осыдан пайымдап отырғандығымыздай, түркі ғалымы Әл-Фарабидің қазіргі өркениетке қосқан үлесі өте зор. Мұндай философ қамсаулы сөз жаттаулы мұсылмандық ортада емес, ханифаттық ортада ғана қалыптасуы мүмкін. Сондықтан да қазақтар үшін дәстүрлі ханифаттық  мазхаб  елде жаңа ілімдік негізді қалаудың, елді дамыған елдер қатарына ілгері бастырудың  ең оңтайлы іргетасы болып табылады.

Осыған байланысты айтарым, қазақ қауымдастығының басты рухани тірегі болып табылатын шарттарының бірі ретіндегі ханафиттік мазхабты дамыту Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келеді. Осыған қатысты айтар болсам, қазақтың өзіндік исламдық  мәдениеті ұлттық мемлекеттік ерекшеліктермен тарихи сабақтас. Мәселен, қазақ хандығында діни тұлға ешқашан да мемлекетте бірінші адам болған емес. Бұл қазақтық монархияның айрықша белгісі болды, өйткені хан сайланып қойылды.  Ұлы Даланың беделді адамдары бір айда, болмаса, одан көбірек уақытта, кімді хан етіп сайлаймыз деп ұзақ уақыт бір мәмлеге келуді талқыға салды. Хан сайланғаннан кейін,оны ақ киізге отырғызып, жоғары көтерді. Осыдан кейін әрбір сайлаушы хан сайлауына қатысқандығын білдіру үшін осы киіздің бір тілімін кесіп алатын болды. Сол хан ешқашан да молланың ісіне, сол сияқты молла да хан ісіне араласпаған тәртіп қалыптасты...

-Сонда билік тармағының бөлінісі неде?

-Бұл өте орынды сұрақ. Мысалға, қазақ даласындағы тәуелсіз билер төрелігін алып қарайық: хан ешқашан да билердің төрелігіне, ал олар хан билігіне араласқан емес. Осы дәстүр жүздеген жылдар бойына қолданылған, әлі де бойымызға сіңіп кеткен. Бірақ Ресей империясы мұсылмандардың діни еркіндігіне қатаң тежеу бағытын ұстанған кезден бастап, ХХ ғасырдың басында исламды саясаттандыру қаупі туындады. Сөз жоқ, осы кезде, бұдан жүз жыл бұрын барлық діндер мен сенім-наным бостандығы теңдігін өз бағдарламасында жария еткен «Алаш» партиясы тарапынан қарсылық  білдірілді. Одан қалды, алашордалықтар Қазақстан аумағында жеке мүфтият құру қажеттігін алға тартты.. Бірақ сонымен қатар, олар шариғаттың құзырлы аумағын шектеуді де ұсынды. Мәселен, молла тек некелеуге, талақ етуге,  туғанды қасиеттеуге және өлінің намазын шығаруға ғана құқылы болды.

САБАҚТЫ ЖІПТІҢ ҮЗІЛУІ ОҢАЙ

-Егер де қазақтар әлімсақтан бері діни толеранттықты ұстанған, қоғамда демократиялық бастаулар үстемдік құрған болса, біздің республикамызда радикалды діни көзқарастарды ұстанған сенушілердің пайда болуы неліктен?

-Қарап отырсаңыз, Қазақстан тәуелсіздік алғанынан, тоталитарлық жүйеден іргесін аулақ салғанынан бастап, дінге ден қоюшылық күрт өсті. Жаппай мешіттер салу басталды. Салыстырып көріңіз - кеңес уақытында Қазақстанда барлы-жоғы 16  ғана мешіт болса, ал қазір олардың саны 3 мыңға жуықтады. Бейнелеп айтқанда, бұрындары күштің тармағы бір бағытқа қарай ауытқыса, енді ол орнына келіп, таразының басын өзіне қарай аудара бастады. Оның үстіне, діннің қайта түлеуі тұсында біздің көптеген жастарымыз исламның негіздерін меңгеру үшін Иранға, Түркияға, Египетке... жол тартты.  Олар қайда, қандай семинарияларда, медреседе оқыды? Исламның қандай ағымдарынан дәріс алды? Бұлардың біздің діни жүйемізге қатысы бар ма, жоқ па?  Бұл турасында сол кезде ешкім де мән беріп жатпады. Алайда олар, сөз жоқ, өздері болған елдерде насихатталатын ислам ағымдарын үйреніп келеді. Ал мұндай жағдай, әдетте біздегі діни ұстаныммен көбіне қабыса бермейді. Өзім басында айтып өткенімдей, қазақ қоғамында діни пайым ешқашан да саясатқа араласқан емес. Бірақ та әйгілі рулар мен тайпалардың көсемдері, даңқты батырлары, кенен билері мен көрнекті дінбасылары құрамына кірген хан кеңесі өз алдына бөлек әңгіме. Өйткені олар қауымдаса отырып маңызды мемлекеттік мәселелерді шеше алған.

Ал араб елдерінде - қалып та басқаша, мәдениет те, оның ішінде діни ұстаным да басқаша. Оларда мемлекет басшысы бір мезгілде ең жоғарғы сатыдағы иолла, басты сот, әрі бас қолбасшы... Яғни, дін, сот ісі, саясат - осының барлығы бір қолға шоғырландырылған.  Мәселен, 1923 жылы тағынан тайдырылған түрік сұлтаны бір мезгілде Осман империясының императоры әрі барлық мұсылмандардың халифі болған. Бізде мұндайдың бірі де болған емес - дін ешқашан да саясатқа араласпаған. Ал бізге, еліміздің барлық аймақтарына, араб Шығысында дәріс алған және сол жақта мықты идеологтардың қармауына түскен жастар орала бастағаннан бері  жағдай басқаша сипат алып бара жатқандай...   

- Байқап қарасаңыз, қала көшелерінде хиджаб киген қыздар мен әйелдер көптеп кездесе бастады - бұл да арабтық Шығыстың әсері ме?

- Иә, қазақ әйелі ешқашан хиджаб киген жоқ! Көшпелі өмірдің салтына бейімделген қаракөздеріміз беті аузын тұмшалап, сүйретілген ұзын киім киіп қалай жүреді...  Қазақ әйелі кең етек көйлек киді, ат үстінде еркін мініп түсетіндей  мүмкіндікте болды. Олар күйеулерінің иықтарына түскен көшпелі өмірдің  қиындықтарын бірдей бөлісті. Үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысты.

- Және ешқашан оны жабық ұстамаған, жүзін жауып жүруге мәжбүрлемеген ғой...

- Ешқашан. Керiсiнше,  қазақ әйелі қоғамда ерекше мәртебеге ие, біздің қоғам әйелді ерінің меншігіндегі зат, мысалға кілем немесе түйе ретінде қарайтын классикалық Шығыстан ерекшеленген. Қазақ қоғамында әйел - ол ана, отбасының ұйытқысы. Олар ешқашан зәбiр көрмеген, соққыға жығылмаған ардақты да құрметтi адамдар. Біз, қазақтың ер азаматтары әр түрлі тайпаның, жүздің, рудың өкілі болып табыламыз, ал  қазақ халқының бірлігін нығайтуда «алтын көпірдің» міндетін атқаратын осы әйелдер қауымы.

- Алайда қазір оқу орындарында хиджаб киюге рұқсат беру туралы мәселе көтеріліп жатыр.

- «Білім туралы» Заңға қайшы келетіндіктен, оған жол беруге болмайды, соған сәйкес мектептердегі діни ұйымдардың қызметіне тыйым салынады, ал білімнің өзі зайырлы, гуманистiк сипатқа ие. Ал егер бізде мемлекет діннен бөлек десеңіз, онда айыпқа бұйырмаңыз, мектеп -мемлекеттік мекеме, сондықтан заң шегінен шықпағаныңыз абзал. Мектепте барлық балалар тең болуы тиіс, әйтпесе ертең буддист өз киімімен, христиан өз киімімен келеді... Сонда не болады?      

Әрине, басқа уақытта әрбiр ересек адам қандай киім киетінін өзі таңдайды. Алайда мен Құдайға құлшылық ету киім арқылы немесе сақал, шапан арқылы өлшенбейтініне сенімдімін.  

- Бұл бізге бөтен дiни ықпалдарды ендіру әдістерінің бірі - нышаны болуы мүмкін.

- Әрине, қысқа дамбал киіп, сақал қою - бұл радикалдық салафизмнің   идеологиялық манифестациясы, дәстүрлi орта исламға бейнелi түрде шақыру. Сондықтан біз мұндай нәрселерге дұрыс баға беріп, қарсы тұрудың нақты шараларын табуға тиіспіз. Біз ұлттың рухани бiрлiгiн ажырату үшін ешқашан киімді діни символға және себепке айналдырмаған өзіміздің ата-бабамыздың жолымен жүруіміз керек. Заңдар жұмыс iстеуi тиіс!

- Шығыста білім алғаннан кейін Қазақстанға қайтып оралған балаларды діни радикалға жатқызуға бола ма?

- Білесіз бе, мұнда - радикализмнің бастауына нақты шек қою қиын. Олардың уағызын мұқият тыңдау керек,  біздің қоғамға ол мүлдем жат болуы мүмкін. Өйткені араб әлеміндегі ислам, бұған дейін айтқанымдай, әлдеқашан саясиландырылған.  

- Бұл нені білдіреді?

- Радикалды бағыттағы исламистер халифат құруға, зайырлы мемлекеттен бас тартуға шақырып, шариғат заңдары  мен  соттарын енгізуді жақтайды. Олар әйелдерге қоғамдық немесе еңбек қызметтерiмен шұғылдануға тыйым салады. Қазақ әйелдерi әрқашан үлкен еркiндiктікте өмір сүрген. Тіпті қазақтар өзінің туған тілін -  «Ана тілі» деп атауының өзінде зор мән жатыр. Радикалдар марқұмды еске алу, бейіттің басына барып, Құран оқу, салт бойынша қонақасы беру сияқты байырғы қазақ дәстүрiн күпірлікке балай отырып, терiске шығарады. Түсінген адамға ата-баба дәстүрінен бас тартуға шақыру қазақстандық патриотизмнің ең басты ұғымдарының бірі «Атамекенге» -   ата-бабаның қасиетті жеріне деген сүйіспеншілік болып табылатындықтан оның идеологиялық базасын күл-талқан етеді.  

- Айтпақшы, өзге дiн өкiлдерiн ислам радикализмінің өзге сенімдерге дұрыс көзқарас танытпау дерегі алаңдатып жүр. Ислам діні көптеген елдерде әлемнің жауы ретінде қабылдана бастауы кездейсоқ болмаса керек.

- Оған еш уақытта жол беруге болмайды, мұндай идеологиялық бағыттар бiздiң елдің ұлттық мүддесiне тiкелей қайшы келедi.  Айтпақшы, менiң өзіме кезінде белгiсiз біреулер бізге жат дiни насихат жүргізуге әрекеттенгені бар. Абай атындағы ҚазҰПУ Заң факультетінің деканы болып тұрған кезімде, әлі есімде, аудиторияға бір жігіт кіріп келіп, парақшалар тарата бастады. Біз оны ұстап алмақшы болдық, бірақ қашып кетті. 

- Ол парақшаларда не жазылған екен?

- Біз үшін зайырлы мемлекет тиімді емес екені, қазіргі билікті құлатып, Қазақстан аумағына халифат құру қажеттігі сөз болған. 

- Бірақ бұл тікелей мемлекетті құлатуға шақыру ғой.

- Соны айтып отырмын. Бұл жүз пайыз мемлекетке қарсы, белшеден зардап келтіретін қызметтің түрі.   

- Ол бiзде заңмен тыйым салынған емес пе?

- Әңгіме мынада, «Дiни сенім бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Заң, менiңше, тым ымырашыл. Ол Тәуелсіздік алғаннан кейін бір айдан соң, 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданды.  Ал ол кезде еліміз тоқырау кезеңін бастан өткеріп жатқаны есіңізде болар. Одақ ыдырағаннан кейін мыңдаған мәселе шықты - ескі байланыстар үзілді, экономика тұралап жатты, кеңестік заңдар күшін жойды, жаңасы әлі шыға қойған жоқ, Парламент болса тәжірибелі емес, өйткені ол бұрынғы Жоғары кеңес-тұғын. Міне сол кезде діни сенім бостандығы туралы заң қабылданады. Бұл сол кезде қаншалықты қажет болғанын бүгін айту қиын. Әлбетте, құжат тым ымырашыл болып шықты.    

- Алайда оған түзетулер енгізілді ғой.

- Енгізілді.  Бірақ ол заң БҰҰ қабылдаған Адам құқығы декларациясының негізгі қағидаларына толығымен негізделген, онда кімнің неге сенгісі келетіні - оның жеке шаруасы екені анықталған. Алайда құлшылық жасаушы ол азаматтардың қашан бірігетіні заңның басқа бабындағы әңгіме.   

- Бұл енді ұйымдасқан топ болып шықпай ма?

- Соны айтамын. Демек бұл түсінік қазірдің өзінде заңды тұлғалардың дәрежесiне түсiп қалуда. Ал заңда бұл туралы ештеңе айтылмаған. Одан бөлек, өткен уақыт ішінде әлем өте қатты өзгергенін, Қазақстанның өзі де өзгергенін есепке алу керек, ал болмыс дін туралы жаңа заңды талап етуде.     

АҚШ, Франция, Италия, және өзге де демократиялық елдердегі мұндай актілерді зерттеуіме тура келді, және олармен салыстырғанда, бiздiң заң өте «жұмсақ» екенін айту керек.

- Мүмкiн, кейде мұны әр түрлi ағымдарды уағыздаушылардың   белсендiлiгiмен де түсiндiруге болатын шығар. Айталық, оңтүстікте өз отанында діни радикализмге байланысты қудаланғаны үшін ғана Қазақстанға қоныс тепкен өзге елдердің мигранттары аз емес. Әлгі «Хизб ут-Тахрирді» айтсақ.

- Әрине. «Хизб ут-Тахрир» -  идеологиясы ислам болып табылатын саяси партия екенін ұмытуға болмайды. Оның мақсаты -шариғат нормаларына негізделген, ислам өміріне мұсылмандардың қайта оралуына көмектесу, және әлемге ислам сенімін тарату. Хизбуттахрирлықтар сондай-ақ бірыңғай, бүкіл ислам әлемін біріктіретін теократиялық мемлекет - халифат құруға шақырады. 

Сонымен бірге бұл радикалды ислам партиясының құрылымы өте қатаң орталықтандырылған, оның барлық қызметін орталық басшылық бақылап отырады. Ұлттық ұйымдар әдетте жергiлiктi ұяшықтарды бақылайтын 12 адамнан тұратын  топтың басшылығында болады. Сонымен қатар әйелдердің ұяшықтары ерлердікінен бөлек тұрады.    

Партияның негiзгi бөлiмшесi -  көшбасшысы мушриф деп аталатын бес мүшеден құрылған ұяшық. Тек мушриф қана өзге ұяшықтардың мүшелерін біледі. Жаңадан келгендер 2 жылдық оқу курсынан өтеді, партияға адал болуға ант бермей тұрып тәлімгердің басшылығымен партия әдебиетін үйренедi.  

- Демек, бұл бүкiл әлемдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған өте байыппен, сауатты құрылымдалған күш болды ғой.

- Шындығында, бұл партияның қызметi экстремистiк сипатта екені көзге ұрып тұр, осыған байланысты, 2005 жылы Қазақстанда оған тыйым салынды. Бүкiләлемдiк халифат құруға шақыру ғаламдық ислам интернационалының жобасы болып табылады және бiздiң мемлекеттің тәуелсiздiгіне қарсы бағытталған. Сондықтан осылардың бәрін қамтитын заң қабылдау керек.  

Айталық, Жапонияда, мысалы, кез келген діни ұйым мемлекетке өзінің қызметі, оның ішінде қаржылық жағдайы туралы толық есеп береді. Сонымен қатар бұл ұйымдар билікке өздерінің келушілерінің тегі бойынша тізімін береді. Және ешкім де мұны демократияға сай келмейді деп жатқан жоқ. Барлық діни ұйымдар жергілікті билікке есеп беретін Италияны алыңыз. Демек бәрі бақылауда. Ал бізде ше? Бізде қанша діни топ бар екенін кім біледі? Олар немен шұғылданады? Қандай құралдары бар? 

- Дейтұрғанмен бізде Дін істер агенттігі құрылды.

-  Бiрақ бұл заң дiни ұйымдардың үстiнен бақылауды iске асыруға мүмкіндік бермейді. Мешiттегі немесе храмдағы қаржы ағынын бақылап көріңіз... Біздегі мешіттердің барлығы-дерлік жекенің қолында, онда, әсіресе, ауылдарда не болып жатқанын ешкім білмейді. Кейде кім болса сол имам болады, және олардың нені уағыздап жатқаны, қандай құндылықтар енгізгені де белгісіз.  

ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

- Қызық, неге Еуропаның өзi кенеттен ислам радикализмінің қамын жей қалды?

- Өйткенi онда қазiр араб тіліне емес, ағылшын тіліне басымдық беретін ислам интеллигенциясының өз тамырынан қол үзіп қалған көптеген өкілдері бар. Радикалды идеялар мен идеологияларды өте жиі тасымалдайтын солар. Исламның көптеген радикалды түсіндірмелері ислам елдерінде емес, Батыстағы эмигрант қауымдастықтарында дүниеге келуде. Жихадты насихаттайтын веб-сайттардың көпшілігі Батыста шоғырланған. Айтпақшы, Шығыста қазiр жарылыс қаупі өте жоғары. Ядролық қаруды иеленген мұсылман және мұсылман емес екi мемлекет бір-біріне қарсы тұрған Кашмирді алыңыз. Қазір мен Ауғанстаннан келетін қауіп төңірегінде сөз қозғамайтын да болдым.  

Бүгінде тәуелсiз Қазақстан қазақстандық қоғамның рухани тiрегін бұзғысы келетін әр түрлi радикалды дiни ұйымдардың тарапынан қуатты идеологиялық қысымға ұшырап жатқаны жәй көзге көрініп тұр.  

- Оның үстіне Збигнев Бжезинский әлем - бұл сауатты ойнауды қажет ететін ұлы шахмат тақтасы екенін айтты, сондықтан бiз өзіміздің әрекетімізге есеп бере отырып, алысқа көз тастауға тиіспіз.

-  Әрине, екінші бір атақты геосаясаткер Хэлфорд Макиндер Еуразияны игерген әлемді де игереді деп кездейсоқ айтпады. Сондықтан мемлекеттің дiни мәселелерден теріс айналуына құқы жоқ. Бiз болашақ ұрпаққа тұрақты және гүлденген ел қалдыруға тиіспіз.

ТЕМІР ШЫМЫЛДЫҚ ПА НЕМЕСЕ ЖАНДАҒЫ ҚҰДАЙ МА?

- Алайда бүкіл әлемнің шекарасын жабудың, одан темір шымылдықпен тасаланудың енді мүмкіндігі болмайды. Мұндай жағдайда өзімізді қалай қауіп-қатерден сақтаймыз?

- Сөзсіз, бізді ешқандай шекара құтқармайды. Қажет бола тұра, жазалау шараларының да пайдасы тимейді. Бұл барлық қоғамға, әрбір отбасыға, әрбір адамға қатысты кешенді мәселе. Барлық, мемлекеттiң белсендi рөлiн  нығайту қажет. Дiннiң ықпалы бүкiл әлемде күшейетінін есепке ала отырып, бізге оқиғаның соңынан сүйретілмей, алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Оның үстіне дін жыл сайын адамдарды, ең алдымен, жастарды өз жамағатына көбірек тартуда. Мешіттерге барыңыз, қанша жастар бар екенін көресіз! Ал егер оларға бізге қарсы нәрселерді уағыздай бастаса ше? Оған жол беруге болмайды .

- Және мұнда мемлекеттілікті нығайтуда бізге діннің өзі көмектесуі мүмкін, өйткені дәстүрлі ислам да, христиан діні де жалпы адамгершілік құндылықтарды уағыздайды. Өйткені дін - бұл, ең алдымен, адамгершілік, рухтандырушылық. Бұл тұрғыдан келгенде Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізе отырып өзге елдерге үлгі болуда.

- Бiздiң еліміз бұл бағытта өте сенiмдi сыртқы саясат жүргізіп келеді. Қазақстанның бастамасы бойынша қазірдің өзінде бiрнеше естен кетпес съездер өттi. Бірақ біздің мемлекеттің «қарсы тұру идеологиясын» «әлем мәдениетіне» ауыстыруға күш салуы мұнымен шектелмейді. Ең болмаса өркениетаралық диалог мәселелеріне арналған,   2007 жылы өткізілген ислам конференциясын есiңiзге түсiрiңiз. Сол уақытта еліміздің ішінде болып жатқан нәрсені көзден таса қалдырмауға тиіс едік. 

Бір жағынан, біздің Құдайға бет бұрғанымыз жақсы. Құдайға сену -  әрқашан әділдікке сену. Діндар адам ешқашан жаман қылыққа бармайды, өйткені ертең ол үшін Құдайдың алдында о дүниеде ғана емес, бұ дүниеде де жауап беретінін біледі. Мысалы, таяуда мен атақты ресей саясаткері, өте ақылды тұлға Евгений Примаковтың кітабін оқып шықтым, ол бірінші бетіне шамамен «мен осы өмірде неғұрлым көбірек өмір сүрген сайын, ақылым толысып, өмірлік тәжірибе жинаудамын, өмірде үлкен ақыл-парасат, үлкен күш, үлкен әділдік бар екеніне соғұрлым көбірек көзім жетуде» деп жазыпты. Және бұл өмірде кiм қалай өмiр сүрсе, солай бағаланады.  

-  Кез келген дін - жақсылықтың жамандықпен күресі.

-  Кез келген дiн тек жақсылыққа, әдiлдiкке үгіттейді. Әрбiр адамның қасына шоқпар ұстаған полицейді қойып қою мүмкін емес, адам өзін-өзі бақылауы тиіс. Ал діндар адам өзін-өзі бақылай алады, өйткенi жоғары сот бар екенін біледі...  

- Қарт Кант тек екі ғана нәрсе - бізге керек жұлдызды аспан және біздің ішкі өнегелі заңымыз ғана таң қалдыратынын бекер айтпаса керек.

- Ол қоғамның дамуын баяулатады, өйткенi адам Жаратқанға жан-тәнімен, жүрегімен сенедi. Қазiр біз атеизмнің ондаған жылынан кейін келген діндарлықтың құлдырау шегінде тұрмыз деуге болады, біздің халқымыз тұтастай алғанда анағұрлым білімді, және ол астықты арамшөптен арашалап ала алады деп ойлаймын.

 

Елена БРУСИЛОВСКАЯ

http://www.bnews.kz/kk/news/post/57635/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371