Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3047 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 09:17

Мұғраж Қомбайұлы. Ленин – күн, Байтұрсынов – кім?

Кезіндегі Тосын болысының аумағы болған, қазіргі Ақкөл, Қарасу ауылдары ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының кіндік кескен жері. Екі ауыл арасындағы Сартүбектің (Тосын болысындағы Ахметтің туған ауылы) орны жоқ болғанмен, Ахаңның қазіргі ұрпақтары оның туған үйін бастапқы қалпына келтіріп, қайта салыпты (4-5-суреттерде).

Биыл осы Ахаң туған өлкені көріп қайтудың сәті түсті. Айтары жоқ, бүгінгі күні екі ауылдың балалары жаңадан салынған мектептерде оқып жатыр. Бұл ұлт ұстазының ұрпақтары үшін үлкен абырой екені рас. Қарасудағы мына білім ордасы Ахмет Байтұрсынұлының атын алған (3-сурет). Бірақ осы барғанда көңілім су сепкендей басылып қайтты. Ахаңдай ұлы тұлғаны «ысырып» қойып, ауыл ортасында әлі күнге кеуде керіп тұрған Лениннің ескерткішін көріп жағамды ұстадым (2 сурет).

Әрісін айтпай-ақ қоялық, 1919 жылы 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсынұлының жазған саяси наразылығы Қостанайды Қазақ жерінің құрамына қайтаруға негіз болған жоқ па? Ал 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметтің Қазақ даласын басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алып жолдаған хатын қалай ұмытамыз. Сонда АЛАШ рухшыл Ахаңның туған жерінде жетпіс жыл бойы тәңірдей табынған қасқабас мүсіннің тұруы орынды ма? Алашшылдығымыз, қазақтығымыз, ең әрісі намысымыз қайда ағайын? Шынымен біз әлі күнге құлдық санадан арылмағанбыз ба?

Оны айтасыз, Қарасу ауылында мына (1-сурет) мүсіннен басқа Ахаңа арналып қойылған басқа белгі жоқ. Оның өзі 1991 жылы қашалып жасалған екен. Ильич ескерткішін алып тастамайсыздар ма деген сөзімізге ауыл әкімі Сүндетбай Оразбаев морт сынды. Әкім ауылдың «басты символына» қол тигізбейтінін айтты. Биліктің көзінен таса жатқан Торғай өңірін әлі күнге коммунизм елесі кезіп жүргендей. Осыған биліктің назар аударатын кезі жетті ғой. Тіпті орыстарға бізден көрі бір табан жақын украиндар мен белорустар Володяның мойнына құрық салып, төңкеріп тастады емес пе? Қалың қазақ шоғырланған Ахмет Байтұрсынов ауылында Ресейге қолын созып күн көсем әлі тұр. Әлде расымен-ақ Ильич әулие ме? Теріскейге қол созуына қарағанда сендер әлі оған тәуелдісіңдер деп тұрғаны ма? Әйтпесе сол тұғырда Ахаң тұрар еді ғой.

Күндердің күнінде мұндағы Ленин «жылы орнын» босатарына сенейік. Бірақ тозығы жетсе де томпайып тұрған ескерткіш Қостанай, Қарағанды, Қызылжардағыдай басқа бір бұрышқа қоныс теппесе болғаны. Кеңес дәуірінде Ахаң атын ақтап алуға зар болып жүрген біздің қоғамның бүгінгі күні оған лайықты құрмет көрсете алмауы жаныңа батады. Ең қызығы, Ахаң ұрпақтарының әлі күнге Ильич рухына тағзым етіп отырғанына қайран қаласың.

Қостанай

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401