Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1900 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 08:54

Жұмыссыздардың денін жастар құрайды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мемлекеттік қызметке жаңа мамандарды қабылдауға жыл соңына дейін мораторий жарияланғанын айтқан болатын. Алайда, арада көп уақыт өтпей жатып дуалы ауыз болмаса да, дүмді шенеуніктердің арасынан осы мораторийдің күшін жою туралы ұсыныс тастаушылар табылды. Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов мемқызметке қатысты мораторийді алып тастау қажеттігін айтып, Премьер-Министрдің атына сауал жолдады.
– Мемлекеттік қызмет саласындағы бос тұрған 8 мың жұмыс орнының 7 мыңнан астамы аймақтардың үлесінде. Олардың 790-ы ғана орталық органдарда. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылы қолға алынған дағдарысқа қарсы бағдарлама, негізінен, аймақтарда жүзеге асырылмақ. Одан өзге жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң, басқа да заңдар мен бағдарламалар толып жатыр. Сол себепті, дәл қазір мемқызметке қатысты жарияланған мораторийді алып тастау қажеттігі туындайды, – дейді депутат Әбенов.
Шындығында, соңғы уақытта жастар арасында жұмыссыздық проблемасы өрши бастады. Мәселен, өткен жылы 15-24 жас аралығындағы тепсе темір үзетін жұмыссыздардың үлесі 7,4 пайызды құраса, биыл қос бүйірден қыспаққа алған дағдарыс бұл көрсеткішті тағы көтеретіні айтпаса да түсінікті.

Депутаттың айтуынша, алдағы бірер айдың ішінде 323 мың студент жоғары оқу орындары мен колледждерді тәмамдап, білдей бір диплом иесі атанбақ. Олар мамандығына сай кәсіп таба ала ма, әлде онсыз да қарасы қалың жұмыссыздардың санатын толықтыра ма?! Ол аз десеңіз, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша бақандай 800 студент шетелдік беделді оқу орындарын бітіреді. Бұл – бұрын-соңды болып көрмеген көрсеткіш. «Болашақтың» арқасында өзге елде «инемен құдық қазып» келген білікті мамандардың Қазақстанға келгеннен кейінгі болашағы қалай болмақ?! Осы тектес мәселелердің шетін шығарған депутат:
– Оқуды жаңа бітірген жастар қоғамның ең аз қамсыздандырылған бөлігі деуге болады. Дағдарыс кезінде бизнес құрылымдарға да жұмысқа орналасу оңайға түспейді. Басқа жұмыс орындарын қалыптастыруға ақша шығындап жатқан кезде, бюджеттен тиісті қаражаты бөлінген сегіз мың орынның бос тұрғаны көңілге қонбайды, – деп отыр.
Жақын күндері мамандық иесі атанып, үлкен өмірге қадам басатындардың көпшілігі екі қолға бір күрек іздегендер емес. Олардың елу мыңға жуығы өз білімдерімен гранттық және несиелік негізде білім алғандар. Ендігі уақытта білімдеріне лайықты жақсы жұмысқа орналасуды көздейді. Жуырда «Жас Отанның» жастар қанаты «Жастардың кадрлық резерві» деген атпен байқау ұйымдастырған болатын. Сол байқауда бар-жоғы отыз жұмыс орнына 800-ден астам адамның өтініш білдіргені көп жайтты аңғартса керек.
Дағдарысқа дейін мемқызметтің мардымсыз жалақысын көзге ілмей, жеке меншік секторлардан нәпақа іздеуді жөн санағандар қазір тұрақты жұмыс пен жалақының қадірін түсініп жүр. Болашақта қызмет жолында өрлеуді мақсат тұтатындар үшін де мемқызметтің жөні бөлек. Әбенов пен оның әріптестерінің ұсынысына байланысты Үкімет мораторийді алып тастаса, бұл талай адамның жолын ашуға септігін тигізетіні сөзсіз.
• Биыл Қазақстанда 323 мың адам жоғары оқу орындары мен колледждерді тәмамдайды.
• «Болашақ» бағдарламасы бойынша 800 адам шетелдің беделді оқу форындарын бітіреді.

Айбын АҚПАТША
«Нұр Астана» газеті 18 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552