Сенбі, 23 Қараша 2024
2942 4 пікір 6 Қаңтар, 2020 сағат 10:33

Ирак парламенті шетел әскерін шығару жөнінде резолюция қабылдады

Ирак парламенті АҚШ әуе соққысынан кейін шетел әскерін елден шығару жөнінде резолюция қабылдады. Өткен аптада Бағдад әуежайында сол соққыдан Иран әскери командирі Касем Сулеймани қаза тапқан.

Енді қабылдаған резолюцияға сәйкес, Ирак үкіметі "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресіп жатқан халықаралық коалиция көмегінен бас тартуы тиіс.

Әділ Абдул-Махди үкіметі құжатқа сәйкес, шетел әскеріне аумағын, әуе және су кеңістігін қолдануға тыйын салуы тиіс.

Парламент қабылдаған қаулыны үкімет міндетті орындауы шарт емес. Бірақ Абдул-Махдидің өзі парламентті осындай шара қолдануға шақырған.

"Ішкі және сыртқы қиындыққа қарамастан, бұл Ирак үшін ең дұрыс шешім болады", - деген премьер заң шығарушылар алдына сөйлеген сөзінде.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394