Сенбі, 23 Қараша 2024
2955 8 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 10:58

Иран генералының өлімінен кейін мұнай мен алтын қымбаттады

Иран генералы Касем Сулейманидің өлімінен кейін басталған Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты мұнай мен алтынның бағасы өсті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, алтын соңғы алты жылдан бері ең жоғарғы деңгейге жетіп, унциясы 1,576.85 долларға жетсе, Brent үлгісіндегі мұнай баррелі 70 доллардан асты. Бұдан бөлек АҚШ-тың 10 жылдық құнды қағазы 1,77 процентке өсіп, инвесторлардың қызығушылығы артқаны байқалған.

Ислам революциясының сақшылар корпусының жоғарғы қолбасшыларының бірі, "Кудс" элиталық әскери бөлім жетекшісі Касем Сулеймани 3 қаңтарда Бағдад әуежайы жанында АҚШ-тың әуе соққысынан қаза болды. Пентагон генерал Ирактағы америкалық дипломаттар мен әскери қызметкерлеріне шабуыл жасау жоспарымен жүргенін мәлімдеген.

Бұл оқиға Таяу Шығыстағы оқиғаны күшейтті. 5 қаңтарда Ирак парламенті шетел әскерін елден шығаруға бағытталған резолюция қабылдады. Иран президенті Хасан Роухани шабуылды "террористік акті" деп атап, Тегеран АҚШ-тан өш алатынын мәлімдеді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394