Z буынның көтерілісі: Еуропа шу шұрқан боп жатыр…
Қыркүйектің ортасында Францияда басталған наразылықтардың арты шу шұрқанға ұласқанын өткенде жаздық.
Қараша кірді, Еуропа елдірі басылмай тұр. Географиялық ерекшілігі һәм саяси жүйе құрылымына байланысты “домино эффектісі” деген термин бұл жақта оңай әрі жиі көрініс алады. Қарабайыр айтсақ, қамысқа түскен шоқтай, лап етпе эффекті оңай іске асады. Қазір де солай. Франциядан басталған наразылықтар Еуропадағы өзге елдерге жылдам тарады. Италия жұрты да көтерілді, Албания халқы да көтерілді, басқалар да…
Бүгін де Еуропадағылар жаппай наразылықтарға шығып жатыр. Кей жерлерде күштік құрылымдармен қақтығыстар орын алуда. Кей жерлерде шағып-қиратулар тіркелуде…
1) Франция шықты көшелерге (қыркүйектің ортасынан бастап тоқтаған жоқ). Париж, Бордо, Тулузу, Ренн, Лилль, Нант, Марсель мен Лионда ресми есеп бойынша 320 мыңнан астам адам шыққан. Ал кәсіпрдақтар 500 мың адам жиналғанын айтады. Әуелде бейбіт басталған акциялар бүгінде агрессивті сипат алуда. Мородерлік, шағып-қиратулар көбейген. Күштік құрылымдар жылататын газдар қолдануға рұқсат алды. Ал билік мородерлерге айыппұлды 10 мың еуроға дейін өсірді.
Оқушылар білім жүйесін жақсартуды, қосымша ресурс бөлуді, оқытушыларды көбейтуді, білім ғимараттарын кеңейтуді және жақсартуда талап етіп шыққан. Оған кейін студенттер мен кәсіподақтар қосылды. Жүре келе басқа да әлеуметтік, саяси топтар қосылды. Айлықты көтеру, мемлекеттік жәрдемақыны көтеру, әлеуметтік төлемдердің қымбаттауы, өмір сүрудің қиындауы, қарыздың ұлғаюы, дәрі-дәрмек бағасы, тұрғын мәселелері, миграция мәселелері т.б. талаптар айтылуда.
Бұл жақтағы оқиғалар жалпылама - “Оқушылар мен студенттер көтерілісі” деген атауға ие.
2) Албания да көтеріліп жатыр. Бұл жақ мамырдың соңынан бері бұлқынып жатыр. Содан бері тоқтаған жоқ. Жұрт ел премьері Еди Раманың доғарысқа кетуін талап етуде. Ал ол үзілді-кесілді бас тартты, бұдан.
Бейбіт акциялар бұл жақта да агрессияға ұласқан. Алдында тіпті ашулы топ ел астанасы Тиранада әкімшілік ғимаратын өртеп жіберген. “Молотов коктейлдері” атылып, жылататын газдар шашылып, нағыз астаң-кестең болып жатыр.
Бұл жақта бәрі экологиялық және антикоррупциялық талаптардан басталған. Кейін әлеуметтік-экономикалық-саяси талаптарға ұласты. Қазір жағдай ушығып тұр. Билік демонстранттарға қатысты заңды қатайтып, күштік құрылымдарға құзыретті кеңейтуде…
Тирана - наразылықтардың эпицентрі. Корче мен Шкодер қалалары да наразылықтарға қосылған.
Бұл жақтағы оқиғалар - “Фламинго революциясы” деген атаумен басталған.
3) Германия тулады. Бүгін Германияның 34 қаласында ондаған мың адам наразылықтарға шықты. Ұйымдастырушылар есебінше, 160 мың делінеді. Шындығында одан едәуір аз.
Демонстрациялар Берлинде, Мюнхен, Кельн, Гамбург, Франкфурт пен Штутгартте өтті.
Жаллы бүгін Германиядағы акциялар агрессивті сипатқа ие бола қойған жоқ. Барынша бейбіт өтті.
Білім беру сапасын арттыру және мектептерге тартылатын инвестицияларды көбейту, өмір сүру құнының өсуіне және инфляцияға қарсы тиімді шаралар қабылдау, катастрофалық климаттық өзгерістерден қорғану және қоршаған ортаны белсенді қорғау, психотерапияға және тәуелділік кезіндегі көмекке қолжетімділікті жеңілдету, міндетті әскери қызметтің ықтимал енгізілуіне және әлеуметтік шығыстардың қысқартылуына келіспеушілік талаптары айтылды. Канцлер Фридрих Мерцтің отставкасын талап еткендер де болды.
Бұл жақтағы оқиғалар - “Z буынның көтерілісі” деген атауға ие болды.
Abai.kz