Сенбі, 23 Қараша 2024
2801 30 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 12:28

Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды рождество мерекесімен құттықтады,-деп хабарлады Akorda.kz.

Қымбатты қазақстандықтар!

Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.

Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!,- деді Президент өз құттықтауында.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394