"Түрік ағымы" — газды Украина арқылы тасымалды қысқартуға бағытталған Мәскеу жобасы. Оның құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, 8 млрд доллар жұмсалған.
Бұл құбыр арқылы Ресейден Түркияның батысына жылына 31,5 млрд куб метр газ тасымалданбақ. Оның жартысы Балкан және Шығыс Еуропа елдеріне бағытталады.
Газ құбырын іске қосу шарасына Сербия президенті мен Болгария премьер-министрі де қатысты.
Оның алдында Путин мен Ердоған жабық форматта кездесу өткізді.
Кремльдің баспасөз қызметі кездесуде Ливия мен Сириядағы жағдай, сонымен бірге Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастар талқыланғанын хабарлады. Бұдан бөлек екі ел басшысы АҚШ пен Иран ортасындағы жанжал бойынша да пікір алмасқан.
Abai.kz