Ол жемқорлықты зерттеген журналист болды. Оны 2017 жылы көлікті жүргізіп бара жатқан кезде жарып жіберген.
Журналистің өліміне байланысты үш орындаушы қамауға алынды. Былтыр жылдың аяғында осы іске қатысы бар деген күдікпен атақты кәсіпкер Йорген Фенек тұтқындалған.
Премьер-министр Джозеф Мускат бір ай бұрын қаңтар айында жұмыстан кететінін айтқан. Оның алдында белсенділер журналистің өлімін тергеу ісіне көңілі толмайтынын жеткізген.
Басқарушы партия жаңа премьер-министр етіп 2009-2014 жылдары үкімет тізгінін қолына алған Джордж Абелдің ұлы Роберт Абелді сайлаған.
Abai.kz