Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 8 Қыркүйек, 2011 сағат 04:31

Жансая Сыдықбай. Террорист-әйел қайдан шығады?

 

Әлемнің тынышын алып тұрған үшінші мыңжылдықтағы жағымсыз құбылыстың бірі- терроризм соңғы онжылдықта ұғымымызға тереңінен сіңіп кетті. Бұлай болуына не себеп? Кім ойлап тапты мұны? Адамзатқа қажет пе осы? Әрине, қажет емес. «Құдай жоқ болса, оны қолдан жасап алуға болады», деп Вольтер айтпақшы, терроризмді жасау арқылы елдің назарын өзіне аударушылардың түпкі мақсаты есепсіз қаржының өз қалталарына құйылуын көздеу ме әлде елді үреймен қорқытып, қажетін өндіру ме? Қайсысы болса да жақсы емес. Қан төгу, елге лаң салу, бейбіт тұрғындардың берекесін алуға ешкімнің құқы жоқ. Сынақ Тәңірден ғана келуге тиіс-ті...

Бірақ, адамзат жер бетінде түрлі соғыстарды нешеме шайқастарды бастан кешірді. Ел үшін, жер үшін, жесір дауы, байлық үшін, т.б. мүдделер жолында қақтығысқан әлемнің қантөгіссіз, соғыссыз қалған кезі болған емес. Енді міне, үшінші мыңжылдықта да терроризм деген пәлекет шығып, елдің берекесін сонау Америкадағы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін мүлде ала түсті. Сөйтіп, бұл пәлекетпен күресу қолға мықтап алынды.

Дүрбелең оқиғаның табы күні кеше еліміздегі Ақтөбе мен Атырау қаласына да келіп жетті. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, қауіпсіздікті күшейту жолында еліміздің күштік құрылымдары, Қарулы Күштері терроризмді ауыздықтайтын оқу-жаттығуларды жиі өткізуде.

 

Әлемнің тынышын алып тұрған үшінші мыңжылдықтағы жағымсыз құбылыстың бірі- терроризм соңғы онжылдықта ұғымымызға тереңінен сіңіп кетті. Бұлай болуына не себеп? Кім ойлап тапты мұны? Адамзатқа қажет пе осы? Әрине, қажет емес. «Құдай жоқ болса, оны қолдан жасап алуға болады», деп Вольтер айтпақшы, терроризмді жасау арқылы елдің назарын өзіне аударушылардың түпкі мақсаты есепсіз қаржының өз қалталарына құйылуын көздеу ме әлде елді үреймен қорқытып, қажетін өндіру ме? Қайсысы болса да жақсы емес. Қан төгу, елге лаң салу, бейбіт тұрғындардың берекесін алуға ешкімнің құқы жоқ. Сынақ Тәңірден ғана келуге тиіс-ті...

Бірақ, адамзат жер бетінде түрлі соғыстарды нешеме шайқастарды бастан кешірді. Ел үшін, жер үшін, жесір дауы, байлық үшін, т.б. мүдделер жолында қақтығысқан әлемнің қантөгіссіз, соғыссыз қалған кезі болған емес. Енді міне, үшінші мыңжылдықта да терроризм деген пәлекет шығып, елдің берекесін сонау Америкадағы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін мүлде ала түсті. Сөйтіп, бұл пәлекетпен күресу қолға мықтап алынды.

Дүрбелең оқиғаның табы күні кеше еліміздегі Ақтөбе мен Атырау қаласына да келіп жетті. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, қауіпсіздікті күшейту жолында еліміздің күштік құрылымдары, Қарулы Күштері терроризмді ауыздықтайтын оқу-жаттығуларды жиі өткізуде.

Енді сәл шегініс жасап, терроризмнің шығу тарихы емес, теракт жасайтын террорист-әйелдер туралы айтсақ дейміз. Террорист-әйелдер немесе «Қара жесірлерді» лаңкестер өз әрекетіне тиімді пайдаланады. Оларды өзін-өзі жарып жіберуге, шахид болып өлуге итермелейді. Террорист әйелдердің жасы 18-40 жас аралығын құрайды. Ресейде 2003 жылдан бері жүргізген есеп бойынша, олардың саны 30-ға жетіпті. Мәселен, 2000 жылы 7 маусымда 22 жасар Хава Бараева Ресейдің әскери нысандарының қасында тұрған жүк көлігін жарып жіберген. Нәтижесінде, екі орыс әскери қызметшісі қайтыс болып, бес адам жарақат алады. Оның туысқаны Мовсар Бараев кейіннен Дубровка театрында адамдарды кепілдікке алу операциясын басқарған. 2001 жылы 29 қарашада Эльза Газуева гранатаны киімінің астына жасырып, Урус-Мартандағы әскери коменданттың қасына келіп, өзін жарып жіберген. Ол жерде бір адам қайтыс болып, үш адам жарақаттанған. 2002 жылы 41 шешен содырлары Мәскеудегі Дубровка театрын басып алады. Соның ішінде әйел-террористер де болыпты. Кепілдікте 800-ден астам адам болған. Арнайы операцияның арқасында барлық террористер көп ұзамай қолға түсті. 2003 жылы екі шахид-әйел жарылғыш қойылған жүк көлігіне мініп алып, үкіметтік кешенді жарады. Жарылыстың салдарынан 59 адам өліп, ондаған адам жарақат алады. Ал 5 маусым 2003 жылы Солтүстік Осетияда террорист әйел Ресейдің әскери ұшқыштары кетіп бара жатқан автобусты жарып, өзімен бірге 16 адамның өмірін алып кеткен. 5 желтоқсан 2003 жылы Ставрополь өлкесінде электропоезд жарылып 44 адам өліп, 150 адам жарақат алған. Биліктің айтуынша, сол терактіні үш әйел, бір еркек жасаған. 2004 жылы 24 тамызда шахид-әйел әуеде екі ұшақты жарып, 89 адамның көзін жойыпты. Сондай-ақ, 2004 жылы атышулы Беслан оқиғасында да 1975 жылғы Роза Нагаева мен 1977 жылғы Майрам Табурова деген екі террорист әйел болыпты. Арада біраз жыл өтіп тыншығанымен Ресейде әйелдер жасаған теракті 2010 жылы тағы көрініс береді. 2010 жылы  29 наурызда метрода екі вагон жарылып, 40 адам көз жұмады, жүзге жуық адам зардап шегеді. Станциядағы жарылысты небары 17 жастағы дағыстан содырының жесірі Джанет Абдурахманова жасапты.

Сонымен, бір кездері нәзік жанды арудың қатігез, селт етпейтін қанішерге айналып, талай жазықсыз жандардың өмірін алып кететіндігіне не себеп? Оны мұндай іске кімдер итермелейді? Бір қолымен бесіктегі баланы тербете отырып, отбасының ұйытқысы болатын әйел баласын осыншама зұлымдыққа баратынына таңырқамасыңызға болмайды. Жалпы, қарсылас жақтың бағын тайдыру үшін әйел-камикадзелерді қолдану тарихат бар нәрсе. Мысал келтіре кетсек, 1940 жылдары үндінің көтерілісшілері британ әскеріне граната жасырған әйелдерді жолдап отырыпты. Ал «Хезболла» ұйымы 1980-ші жылдардың ортасында Израильге қарсы терактілерге әйелдерді пайдаланған. Қарап тұрсақ, соңғы кездері террорист әйелдердің саны көбейіп келеді. Бұрын 1990-шы жылдардың ортасында көбіне терактіні ер адамдар жасайтын болса, қазір терактінің қырық пайызын әйелдер істейтін көрінеді. Өйткені, әйелдерді терроризмге дайындау оңай дейді. Олар тез көндігеді, басқаруға да ыңғайлы әрі полиция мен қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің назарына түсе бермейді. Сондай-ақ, әйел адамның денесіне жарылғыш заттарды жасыру да өте тиімді. Айталық, «Тамил Иламды азат етуші жолбарыстар» ұйымы өздерінің шабуылының 70 пайызында әйел-камикадзелерді қолданса, «Курд жұмысшылар партиясының» террористері қауіпті тапсырмаларға әйелдерді екіқабат сияқты жөнелтіп, терактілерді жүзеге асырып отырған.

Жалпы, терроризм әрекеттерін жасап, тарихта аты қалған әйелдер бар. Соның бірі Софья Перовская (1853-1881) - ең алғашқы терактілік акт жасаған әйел. Бай дворяндар әулетінен шыққан. Ата-анасынан қол үзіп, үйінен кетіп қалады. Жақсы білім алып, ұстаз болып еңбек еткен, ауылдық жерлерде фельдшер болған. Бірнеше рет түрмеге жабылыпты. Өйткені, «Жер мен Еркіндік» партиясының белсенді ұйымдастырушысы, насихатшысы болған. Александр Екінші патшаға қарсы үш рет шабуылға қатысқан. Соңғысында ұсталып, дарға асылады. Ал мемлекет басшысына қатер төндірген алғашқы әйел-содыр Фанни Каплан (1887-1919) бай отбасында дүниеге келген. Жас кезінде анархист болған, көп жыл қамауда болып, көз жанарын жоғалтқан. Қазан төңкерісінен кейін солшыл эсерлермен бірге болады. Владимир Ленинге шабуыл жасап, жарақаттаған. Капланды кейіннен ату жазасына береді.

Лейла Халед -  жолаушылар ұшағында теракті жасаған алғашқы террорист әйел. Израильде кедей отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Ливандағы палестиндіктердің босқындар лагерінде өткен. 1968 жылы Римнен Тель-Авивке ұшып бара жатқан лайнерді басып алып, ұшақты Сирияның Дамаск қаласына қонуға бұйрық берген. 213 жолаушыны кепілге алып, екі сириялық ұшқышты босатып беруін талап еткен. Соңынан жолаушыларды босатып, ұшақты жарып жіберген. Шиназ Амури немесе Вафа Идрис (1980-2002) есімімен танымал палестиналық студент қыз 29 қаңтар 2002 жылы Иерусалимде тірідей өзін-өзі бомбамен жарып жіберген. Нәтижесінде бір адам өліп, 150-дей адамды жарақаттаған камикадзе қызға Ирак диктаторы Саддам Хуссейн Бағдадтан ескерткіш орнатуға бұйрық беріпті.

Сонымен, психологтардың айтуынша, әйел-террористердің терактіні жасауына күйеуінің қақтығыс кезінде қайтыс болуы немесе туған-туыстары үшін кек алу итермелесе, кейбірін, өзін ешкімге керегі жоқ сезінгендіктен өлімді артық көреді дейді. Оның үстіне террористік ұйымның басшылары оларға теракті жасаса шахид болып өлетінін, о дүниеде жұмаққа баратынын, қалған туған-туыстарына ақшалай көмек беретінін айтып көндіреді. Терроризмнің «тірі бомбасы» немесе тірі қаруына айналған әйел-камикадзелердің психологиялық босаңдығы, көңіл-күйіне тез әсер етуі қоғам үшін ғана емес, адамзат үшін де қауіпті нәрсе. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің қауіпсіздігіне сақ болмаса болмайды. Әлемдік кері құбылыстың түп-тамырына балта шабу оңай шаруа емес. Әйел затын өлімге байлап, дін мен жалған наным-сенімді жалау еткендердің құрбаны болмас үшін қоғамда ағарту және түсіндіру жұмыстары жиі жүргізілуі шарт. Әйтпесе, бұл індет ХХІ ғасырдың ішін кеулеген құрттай жайлай бермек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440