Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2167 0 пікір 8 Қыркүйек, 2011 сағат 04:44

Серік Ерғали. Ел іргесін бекіткен көтеріліс (жалғасы)

Семейдегі ұлтшылдардың сыбайласуы

Ұлт-азаттық рух бойларын кернеген сол кездегі қазақтың бір топ легі 1991 жылғы тамыз төңкерісінің қаһарынан сескенбестен, оқиға бітер бітпестен Семейге жиналды. Мақсат - сол кездегі ұлттық деңгейден шығып әлемдік ауқымға жеткен ядролық полигонды жапқызу еді. Республиканың түпкір - түпкірінен жиналған 100-ге тарта адам бір апта бойы Семейді басына көтеріп, полигонды жабуды Мәскеуден де, Алматыдан да талап етіп жатқан-ды. Ол кез жер бетінің алтыдан бірін алып жатқан қызыл империяның адамзаттың көз алдында ыдырап, біреудің есінен танып, біреу аһ ұрып, әлдекім таң қалып жатқан, ал коммунистік саясат біткеннің дал-дұлы шығып, кімнің нені тұтқа етері белгісіз, әуре-сарсаң кез болатын. Міне, сол кезде сарабдал саясатшы Михаил Есеналиев бастаған бір топ «азатшылдар» осы сәтті өз халқымыздың пайдасына шешуді көздей жүріп, сол кездегі Қазақ КСР президенті Назарбаевтың қолымен Семейдегі ұлы полигонның үнін өшіруді қолға алған едік. Әлі есімде, Амантай Асылбеков (кәзіргі Амантай қажы) ағамыз екеуміз күніге екі рет митинг атынан Олжас Сүлейменов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың аттарына телеграмма салумен болдық.

Ақыры, «азатшылдардың» айқайында бір негіздің бар екеніне иланған және тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан тағдыры өз қолына анық көше бастағанына көзі жеткен Н. Назарбаев өз жарлығымен аталмыш полигон тағдырын шешіп, жабуға шешім шығарды. Бұл шешім - Нұрсұлтанның халқы итермелеген жағдайда әлемдік деңгейдегі шешімге алғаш қол қойған сәті әрі егемендік алып үлгермеген Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі сайлаған президенттің әлемдік деңгейдегі алғашқы ірі шешімі болатын. Сөйтіп, тамыздың 29-ы күні тәуелсіздік алып үлгермеген Қазақстанның басшысы Назарбаевтың КСРО басшысының қолымен құрылған әлемге азуын білеген қызыл империяның басты қаруы таратылған еді.

Ол кез полигонның жабылуымен ғана емес, «азатшылдар» «Алаш алаңы» аталған Ертіс бойындағы тоғай алқабына барып, коммунистік және комсомолдық билеттерін өртеп, «тарихи тазару» акциясын да жасағаны үлкен саяси қадам екен. Сонда қаншама қолқаласақ та, Амантай ағамыз өзінің партбилетін отқа тастамай-ақ қойғаны бар. Ол оның кейбір екіжүзді коммунистерден гөрі азаматтық позициясының мықтылығы болар деп бағалаймын.Сол кісінің бастамасымен «Аттанайық Жайыққа!» ұраны пайда болды, кейін соның негізінде «Аттан!» қозғалысы дүниеге келгені бар.

Сөйтіп, Қазақстан тарихында Семей полигонының жабылуы туралы шешімнің қабылдануына өздерінің де қатысы барын сезініп, қанаттанған ұлтшылдар қыркүйекте Оралға жиналуға келісіп, мәре-сәре аттанысып жатты. Қазақстанның әр түкпірінен өздері күш-қаражат тауып жиналған бұл топ, шын мәнісінде ел тағдырындағы ерекше құбылыс болып табылатын ұлттық сыбайласудың нақты алғы көрінісі еді!

Жайыққа аттану

«Азат» қозғалысының батыс аймақ бойынша үйлестірушісі ретінде өзіме қарасты 4 облысқа (Орал мен Ақтөбеден басқа) Жайыққа жиналуды айтып, хабар салдым да, өзім Ақтөбе облысы бойынша делегация жасақтауға кірістім. Делегация басшысы ретінде Ақтөбе облыстық «Азат» бөлімінің төрағасы Естай Жайлыбаев тағайындалды. Ал, мен Орал оқиғасына қатысты құрылуға тиіс штаб жасақтау идеясымен жүрдім.
Біздер Ақтөбеден аттанарда барлық мүмкін жағдайға өзімізді де, жанұямызды да даярлап аттанған едік. Шын мәнінде, жігіттер үй-ішімен іштей қоштасып шықты. Өйткені, біз қайда, неге және не үшін бара жатқанымызды жақсы білдік.

Бұл аттаныс ешбір даңғойлық пен дарақылыққа, жалған намысқойлыққа жатпайтын, халық пен жеріміз үшін аттану, ертең болғалы тұрған егемендікке қол созудың шынайы да боямасыз үлгісі болатын.
Жасыратын несі бар, біршама облыстардан делегат-сарбаздар Оралға шықпай қалды, тіпті, «Азат» қозғалысының орталық басшылығынан Алматыдағы ағаларымыз да келуге жүректері дауаламады, түрлі себеп айтып, қашқалақтады да, бірақ жеңіс жалауы желбіреген кезде көрнекті орыннан кешікпей табыла білді.

Обалы не керек, сол кезде «Азаттың» мүшесі болмаса да, оқиғаның басқару штабының мүшесі болып жеке дара астанадан келгендер - Бақытжан Әділов, Жасарал Қуанышәлин, Орал Сәулебаев, Дәурен Сатыбалдиндер жүрді. Әсіресе, туған ағасын ертіп Шоқай ақсақал, тіпті, 3 жасар қызын жетелеп, Хадиша жеңгеміз секілді әйелдер араласа қаптай келген Шымкент, Жамбыл облыстарының делегациясын айтсайшы! Ал, қалаға жіберуге тыйым салынып, оқиғаға атсалыса алмай өкініп кейін аттанған, Атырау мен Орал облыстарының аудандарынан атпен келген сарбаздарды қалай атамасқа! Оралға жиналғандар «Азат» қозғалысы мүшелігінің шеңберінен шығып, бүкілалаштық мәнге ие болған отаншыл құрама болатын. Сол себепті де, оқиғаны басқарып, барлық жағдайды қолға алып, жауапкершілікті өзіне жүктеген орган құру жөніндегі ұсынысым қабылданып, штаб құрылды.  Оны сол кездегі Оралдың саяси ағарту үйіне орналастырған едік. Штаб құрамы он үш мүшеден жасақталды.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440