Ақын Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойының ел тәуелсіздігінің мерейтойымен тұспа-тұс келуі – жақсы нышан, дейді Назарбаев
Қарағанды. 13 қырқүйек. ҚазТАГ - Ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойының ел тәуелсіздігінің мерейтойымен тұспа-тұс келуі - жақсы нышан, деп есептейді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қ. Аманжоловтың поэзиясы - ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиетіміздің жарқын құбылысы. Тұтастай бір ұрпақ оның шығармаларын оқып, өсті, оның өлеңдері отанға деген махаббат отын лаулата түсті. Ақын мерейтойының ел тәуелсіздігімен сәйкес келуі - жақсы нышан, өйткені ақынның баға жетпес мұрасы Қазақстанның тәуелсіздігі сияқты мәңгілік болады», - депті президент Н. Назарбаев Қ. Аманжоловтың 100 жылдығы құрметіне сәлемінде. Оны сейсенбілік номерінде «Казахстанская правда» ресми газеті жариялап отыр.
Қарағанды облысындағы мерейтойда мемлекет басшысының құттықтау хатын мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед оқып берді.
Үш күнге жалғасқан мерейтойлық бағдарлама ақынның туған жері Қарқаралы ауданында аяқталды. Кент тауларының етегінде, Қысам туған ауылда киіз үйлер тігілді.
Алдымен меймандар Қарқаралыдағы Құнанбай қажы салдырған мешітке мінәжат етті. Абай тоқтаған үйді көрді.

«Қ. Аманжолов талай қиындық пен сынақтан өтті. Бірақ сонда да сағы сынбай, тайталасты, бұл оның шығармашылығын байыта түсті. Қ. Аманжоловтың шығармашылығы біздің есімізде және жүректерімізде мәңгілікке қалады», - деді Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов.
Мерекелік шара ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихтан сыр шертетін театрландырылған көрініспен және танымал өнер жұлдыздарының концертімен жалғасты. Арқаның алтын тәжі атанған Қарқаралы, Кент баурайындағы ақиық ақынның мерейлі мерейтойында халқымыздың ұлттық өнерлері қазақ күресі, аламан бәйге, қыз қуу, шабандоздардың өнері және тағы басқа спорттық ойындар өтті. Дүбірлі той кешқұрым Қарқаралы қаласында эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке, соңы отшашуға ұласты.
Бұдан кейін Қасым Аманжоловтың ғасырлық мерейтойына арналған «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ...» атты республикалық жыр мүшайрасының, ақынның өлеңдеріне жазылған «Жыр жазамын жүрегімнен...» атты республикалық ән конкурсының және ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды. Оларға автокөліктер тарту етілді. Мүшәйрада ақын Ұлықбек Есдәулет алға шықты. Әншілер байқауында Қ. Байжано ат. Қарағанды концерттік бірлестігінің солисі Сержан Мұсайын жеңімпаз атанды. Айтыста елордалық Айнұр Тұрсынбаева үздік танылды.
Ақынның қыздары Дариға мен Жәнияға да автокөлік кілттері табыс етілді.
Д. Аманжолова туған-туыстарының атынан Қарағанды облысының басшылығына мерейтойлық шараларды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. «Біз әкемізге деген зор құрметті сезіндік. Мен оның мәңгілік екенін сезіндім. Ол өзімен бірге өлеңі де кетеді деп уайымдайтын. Бұл шаралар Қасымның оралғанын білдіреді. Ақынның ғұмыры оның шығармалары ұмытылғанша таусылмайды», - деді ақынның қызы.
Бұрын хабарланғандай, Қарағандыда мерейтой аясында Қ. Аманжолов ат. аллеяда ақынның ескерткіші ашылды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ақынның шығармалары 4 том болып жарық көрді, оның шығармашылығына арналған сайт құрылды. «Қасым» әдеби журналы жарық көре бастады. Қ. Аманжолов туралы деректі фильмдер түсірілді. Қарқаралыдағы орталық аудандық ауруханаға ақынның есімі берілді.
Мерейтойлық шараларға Қазақстан, Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан елдерінен 200-ге тарта қонақ келді. Олардың арасында ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.
Қ. Аманжолов (1911-1955) Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылған ол Семейдегі жетімдер үйінде тәрбиеленді. Зооветеринарлық техникумды бітірген соң Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына оқуға түскен, бірақ әдеби саланы таңдап, газет пен журналдардың редакцияларында, Қазақстан жазушылары одағының аппаратында қызмет етті. Өлеңдері 1931 жылдан бастап жарыққа шыға бастады. Көзі тірі кезінде «Дауыл», «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтарын шығарады. Қ. Аманжолов аудармашылықпен де айналысқан. ОлА.Пушкиннің "Полтава" поэмасын, М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын қазақ тіліне шебер аударады. Қ. Аманжолов қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді, оны қазақ ақындары қазір өз шығармаларында да, аудармаларында да пайдаланады.
Қарағанды, Жезқазған қалаларындағы көшелерге, Қарқаралы ауданындағы ауылдық округқа Қ. Аманжоловтың есімі берілген.