Сенбі, 23 Қараша 2024
2638 0 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 10:53

 «Балқаш» әуеайлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

«Балқаш» әскери әуеайлағы енді кез-келген жойғыш, бомбалаушы, әскери-көлік авиациясы сынды ұшу аппараттарының, сонымен қатар, Boeing және Airbus түріндегі ауыр салмақты тікұшақтары қонып, ұшатын болады. Әуеайлақ пайдалануға берген сәттен кейін 52 жылдан соң жөндеуден өткен. Алғаш рет 52 жыл ішінде әуеайлақта күрделі жөндеу жүргізілді, ол 2 жылға созылды.

Әуеайлақ 1967 жылы көлемі шағын ұшақтарды қабылдау үшін салынған.

Ұшу-қону жолағы мен әуеайлақтың инфрақұрылым нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қону жолағына, ұшуға дейінгі жолдарға, орталық жанар-жағармай және ұшу аппараттарының тұрағына, алаң орындарына бетон жабындары төселген. Жанар-жағармай материалдарының жаңа қоймасы салынып, жоғары қарқынды жарық беретін жабдықтар, жеке жанармай қондырғылары орнатылды.

Күрделі жөндеу жұмыстары мен қайта құрудан кейін әуеайлақта жауынгерлік кезекшілікті атқару қалпына келтіріліп, ұшу кезіндегі қауіпсіздік айтарлықтай жетілдірілген. 

«Әуе қорғанысы күштеріне кез келген уақытта елдің әуе шептерін қорғауға дайын және қабілетті болу туралы жауынгерлік міндет жүктелген. Даярлықтың негізгі факторларының бірі әскери қызметшілердің қазіргі заманғы жауынгерлік авиациялық техниканы сапалы игеру және ұшу шеберлігін арттыру бойынша қызметі болып табылады», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әуеайлақтың ашылуында. 

Қайта ашылған «Балқаш» әуеайлағы ҚР ҚК әуе күштерін жұмылдыруды қамтамасыз ету, күш пен құралдарды ауыстыру үшін маңызға ие. Өзінің орналасуының арқасында азаматтық әуе кемелері үшін қосалқы немесе резервтік әуеайлақ ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттарының ұшу тәжірибесін жүзеге асыру қайта қалпына келтіру жоспарлануда. 

Күрделі жөндеу кезінде ұшу және инженерлік-техникалық құрам Алматы облысының «Жетіген» әуеайлағына орналастырылды.

 Күрделі жөндеу кезінде ұшу және инженерлік-техникалық құрам Алматы облысының «Жетіген» әуеайлағына көшірілді. Қазіргі уақытта қайта көшірілген жеке құрам «Балқаш» аэродромына тұрақты орналасу пунктіне оралды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458