Ә. Жүнісбек. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ РӘМІЗ-НЫШАНДАРЫ ЖАЙЛЫ
(ойтүрткі)
Бөрі басы - ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Сүйінбай
00. Қазіргі заманауи тәжірибе басы біріккен елдердің ғана несібесі мол, тұрмысы толық болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан да ел мен ел бірігіп, жер мен жер бір-біріне ұласу үстінде, шекара белгілер жай шартты межеге айналып жатыр. Бұрынғыдай теке-тірестік жоқ, керісінше, ортақ тіл табысу басталды. Арғы-бергі көршінің жоғына «сауап болды» деп шапаттау қалды. Оның үстіне алыс-беріс көбейіп, алыс-жақын ағайындық дамып келеді. Өйткені, саяси-экономикалық байланыстармен берік шырмалған елдер үшін өзгенің жоғы мен жоғалтқаны өзіңе де ырыс әкелмейтін болды: дағдарыс болса - дағдарыс ортақ, даму болса - даму ортақ; тапшылық болса - тапшылық ортақ, табыс болса - табыс ортақ; ең бастысы, тыныштық болса - тыныштық ортақ, сойқан басталса, о да сені айналып өтпейтін, шарпымай қалмайтын болды.
Сөйтіп, ортақ мүдде саяси-экономикалық бірлікке бастап отыр. Сонымен, бірлігі бір ел озатын заман туды.
(ойтүрткі)
Бөрі басы - ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Сүйінбай
00. Қазіргі заманауи тәжірибе басы біріккен елдердің ғана несібесі мол, тұрмысы толық болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан да ел мен ел бірігіп, жер мен жер бір-біріне ұласу үстінде, шекара белгілер жай шартты межеге айналып жатыр. Бұрынғыдай теке-тірестік жоқ, керісінше, ортақ тіл табысу басталды. Арғы-бергі көршінің жоғына «сауап болды» деп шапаттау қалды. Оның үстіне алыс-беріс көбейіп, алыс-жақын ағайындық дамып келеді. Өйткені, саяси-экономикалық байланыстармен берік шырмалған елдер үшін өзгенің жоғы мен жоғалтқаны өзіңе де ырыс әкелмейтін болды: дағдарыс болса - дағдарыс ортақ, даму болса - даму ортақ; тапшылық болса - тапшылық ортақ, табыс болса - табыс ортақ; ең бастысы, тыныштық болса - тыныштық ортақ, сойқан басталса, о да сені айналып өтпейтін, шарпымай қалмайтын болды.
Сөйтіп, ортақ мүдде саяси-экономикалық бірлікке бастап отыр. Сонымен, бірлігі бір ел озатын заман туды.
01. Осы орайда түрік халықтарының ортақ бірлігінің орны бөлек болып тұр. Басталған бастама оң нәтижесін беріп те жатыр. Бір-біріне арқа сүйеп, қол ұшын беріп, қасынан табылатын туыстық басталып кетті. Енді сол туыстық бірлікті айғақтап тұратын рәміз-нышандар сықылды.
02. Қазіргі түрік халықтары үшін ортақ рәміз-нышандар таңдау өте күрделі мәселе болып табылады. Өйткені,
-ортақ саяси-қоғамдық рәміз-нышан табу әзірге мүмкін емес, түрік халықтарының көпшілігі әміршіл-мансапқор мемлекеттердің құрамында қалып отыр;
-ортақ діни рәміз-нышан табу тағы да мүмкін емес, түрік халықтары әртүрлі дінді ұстанып отыр;
-шекара белгі табу мүмкін емес, мемлекеттер арасындағы шекараның жабық тұстары жеткілікті;
-ортақ жазу үлгісін табу мүмкін емес, түрік халықтары әртүрлі жазуды пайдаланып келеді.
Ендеше қазіргі саяси-қоғами ахуалды ескеріп, түрік халықтарының бәріне түсінікті-танымал рәміз-нышандар қарастыруға тура келеді (мақала иесінің ойын дұрыс түсінген жөн).
03. Түрік бірлігінің айғақ белгісі тарихи салтанат үстінде көрінетін бірегей ту (жалау), елтаңба мен әнұран болса, күнделікті мазмұны - жазу (әліпби):
-ту елдің басын бір жерге топтастыратын шақыртқы, жол бастар байрақ болса;
-елтаңба елдің бірегей болмысын көрсететін айғақ,
-әнұран ел мәртебесін (еңсесін) көтеретін ұйтқы, сырт көзге айқай-айбар;
-жазу - адам мен адамды, ұлыс пен ұлысты жалғастырар дәнекер.
04. Түрік халықтарына алдымен Тәңірі ұстанымдары ортақ. Тәңірі ұстанымдары - түрік халықтарының тұрмыстық тәрбиесі, сол тәрбиеден қалыптасқан қоғамдық тәртібі: табиғатқа (қоршаған ортаға) қиянат жасауға болмайды; өзіңе қажетіңнен артығын алма; шөпті таптама; суды ысырап қылма; жерді жаралама; балалы аңға тиіспе; құстың ұясын бұзба т.б. толып жатқан тыйымдар мүлтіксіз орындалып отырған.
Қазіргі тілмен айтқанда экологиялық заң.
Тәңірі ұстанымдары - жазылмаған заң. Тәңірі ұстанымдары өзінің зәрулік мазмұнына қарай классикалық діндердің (мысалы, ісләмнің) қағидаттарын толықтырып, қазіргі кезде дін талаптарына айналып кеткен.
Жалбарынары да, бас иері де ортақ. Ол -Көк Тәңірі.
На Древнем Алтае жили не язычники, а основоположники Единобожия. Отсюда их имя - тюрки. ...на языке древних алтайцев слово «тюрк» имело ряд значений, одно из них - «душа наполненная Небом... факты упрямая вещь в мире, особенно если они связаны со светлым образом Тенгри [Мурад Аджи].
05. Түрік халықтарының жер бетіндегі орналасу тәртібі де ерекше:
-бір тобы мұз жастанып, қар кешіп жүр;
-енді бір тобы орман аралап, су (өзен-көл) жағалап жүр.
-тау бөктерлеп, шың асып жүргендері тағы бар;
-сайын даланы қоныстанып, құм шарлап жүрген де түріктер.
Басқаша айтқанда, географиялық бойлықты (меридиан) ала орналасқан бірден-бір халық болып табылады. Сонау мұз құрсанған терістіктен басталып, ендей келіп Ерен Қабырға мен Жер Орта теңізіне тірелген.
06. Түрік халықтары қоныстарының шалғайлығына қарамай, көрнекі мүсінді ортақ тапқан. Ол - Көк бөрі. Көк бөрі жайлы сенімі де ортақ, аңызы да ортақ.
Бөрі басы - ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым [Сүйінбай].
07. Ендеше түрік халықтарының бәрі жатырқамай қабылдау үшін түрік рәміздері Көк Тәңірі (Көк аспан) және Көк Бөрі атымен (бейнесімен) байланысты болу керек. Рәміздердің өңірінде көк (көгілдір) түс басым болса, түрік халықтарының көз түйсініміне жақын болады.
Әрине, қазіргі кезде Көк Тәңірі мен Көк Бөрі ұғымы көпшілік санасынан шығып қалды, тіптен, жат болып кетті десе де болады. Сондықтан түріктердің бүгінгі ұрпағына тарихи дәріс өткізуге тура келеді. Олардың бетін бері қарату да оңай болмайды. Өйткені Көк Тәңірі классикалық діндердің тасасында қалып, күні өткен көне тарих күйге түскен. Ал Көк Бөрі болса, оның Бөрі атауы тілдік айналымнан шығып, Қасқыр ұғымымен мазмұндас болып кетті. Оның үстіне Қасқыр ұғымы тұрмыста қиянаты өткен Көкжал қасқыр, Сұр қасқыр деген сықылды беймейрім тажалды білдіреді.
Жасыратыны жоқ, «еуропаөзімшіл» саясаткерлердің де тіксінуін күтуге болады.
Төртінші, сонау көне (ежелгі) түрік жазуына көз тігіп отырған шағын топтың әрекеті. Осыған орай, із де әлдеқашан өшіп кеткен көне жазуын қайта жаңғыртып жатқан еврей, моңғол халықтарының жанкешті әрекеті мен бір уыс қана грузин, армян халықтарының елтаңбасындай болған бірегей әліпбиін тілге тиек етіп, жүз елу миллион түрік халықтарының құр алақан қалғаны қалай деп қынжыламыз. Өкініштісі, түркі жұртының қазіргі өркениетті елдердің жазу тарихын он орап алып кететін, атам заманғы тарихы бар жазуы бола тұрып, «жазу-сызусыз» жұрт атанғандығында болып отыр. Ал, «жазу-сызусыз» халық дегеннің ар жағында «жабайы, мешеу, телмірінді, тілі дамымаған» т.б. сияқты «атақтар» тұрған жоқ па? Мұның өзі елдің еңсесін басып, ерді езге айналдырудың таптырмас құралы болып шықты. Тіптен, кешеге дейін кеңес құрамындағы түркі халықтары «өзіміздің жазу-сызусыз халық екенімізді әлемге жар салып айтып, орыс жазуы келіп жанымыз қалғанын» жарыса жамырай, мақтана мойындап келген жоқпыз ба? Ендеше «көк түрік» жазуын жаңғырту - еріккен мен есі кеткеннің ісі емес, түрік жұртының әлеми қоғам алдындағы елдік намыс-абыройын көтеретін іс.
Басқаларды білмейміз, көне түрікші ретінде бәсеке-бақталастықтан аулақпыз. Өйткені көне түрікшені қолдап, жөн екен дейтіндер аз, бүгін-ертең көне түрікшеге өте қоямыз деудің де жөні жоқ. Себебі көне түрікшілердің өз арасында ортақ пікір жоқ, бір таңбаны екі адам болса екі түрлі, он адам болса он түрлі оқиды. Соның нәтижесінде «көне түрік әліпбиі - мынау» деп ұстата қоятындай дайын әліпби жоқ. Мақсат - көне түрік жазуының икемделген әліпбиін, таңбасы мен емлесін дайындап, танымдық дәріс ретінде сыныптар мен дәрісханаларға жеткізіп беру. Сөйтіп көзі ашық келесі ұрпақ көне жазуды танып-біліп, оны жатырқамас, ертең-ақ олардың заманы туады, сол кезде ойланар. Біздікі - ата жазудың қыр-сырын олардың жадына құйып, ой салып кету.
Ә. Жүнісбек,
А. Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты