Сенбі, 23 Қараша 2024
Апат 3031 3 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 11:04

Бек Эйр ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Өткенде Алматы маңында апатқа ұшыраған Бек Эйр әуе компаниясына тиесілі ұшақтың екінші ұшқышы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растаған.

Басқарма ақпаратына сүйенсек, ұшқыштың денсаулығы қалыпты болған соң, 21 қаңтарда үйге шығарылған. Ол Алматыдағы №4 амбулаториялық ауруханада, кардиолог, хирург, терапевт пен психологтың бақылауында болған.

Ал кеше денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері жүрек соғысын қайта қалпына келтіру үшін реанимациялық шаралар жасаған. Алайда нәтиже болмаған.

Мейіржан Молдақұлов апаттан ауыр дене жарақатын алып, Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға жатқызылған. Онда ұшқышқа бірнеше ота жасалды. Соның ішінде бел омыртқасына да. 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған.

Bek Air ұшағы апаты: Екінші ұшқыш қайтыс болды - Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты Мейіржан Молдақұлов

Мейіржан Молдақұлов 1965 жылы 4 мамырда дүиеге келген. 2019 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған Fokker 100 ұшағының екінші ұшқысы. Жалпы ұшу өтілі 11 544 сағат. Оның 4144 сағаты дәл осы Fokker 100 ұшағында өткен.

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Бек Эйр ұшағы апатқа ұшырады. Лайнер әуеге көтерілу барысында әуежайға жақын маңдағы тұрғын үйге соғылған. Ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 12 адам қаза тауып, 49-ы жарақат алды. Оның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза тапқан.

Президент Үкіметке шұғыл тапсырма беріп, Үкімет комиссия құрды. Ал 28 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375