Сенбі, 23 Қараша 2024
Тағайындау 4776 5 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 13:53

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі - Ермек Көшербаев

29-қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды.

Ал, өткен аптада ҚР Сыртқы Істер министрі Ержан Ашықбаев елші қызметін тағайындау тәртібін түсіндірген еді.

- Бәрі де агреман алғаннан кейін белгілі болады. Ол Ресей тарапынан сұралады (французша agrément - мақұлдау, келісім). Агреман - бұл іс жүзінде адамды тағайындауға қабылдаушы тараптың келісімі. Сондықтан, барлық әрекеттер белгіленген тәртіп бойынша орындалады,- деген болатын вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейдегі елші қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына байланысты 2019 жылдың 18-желтоқсанында қызметінен босатылды. Оның орнына бұл қызметті Нұржан Қажыақбаров уақытша атқарған еді.

Сонымен, Ермек Беделбайұлы Көшербаев. 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Тарихшы, тарих пәнін шеттілінде беретін оқытушы» мамандығы бойынша және «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат» мамандығы бойынша ССРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

-1998 жылы қаңтар-мамыр айларында Алматы қаласының №170 орта мектебінің тарих пәні ұстазы.

-1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

-1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.

-1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

-1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

-1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.

-1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі. 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары.

-2000-2001 жж. - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.

-2001-2003 жж. - аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы

-2003-2004 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры. 2004 жылдың мамыр-шілде айлары «Отан» Республикалық политикалық партиясының, орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары.

-2004-2005 жж. жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы.

-2005-2006 жж. - «Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің, атқарушы директорының бірінші орынбасары.

-2006-2007 жж. - «Отан Республикалық политикалық партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.

-2007 жылдың ақпан-маусым айлары «Беркут» қаржы өнеркәсіп тобының директоры.

-2007-2008 жж. - «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдарқауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

-2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.

-2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

-2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

-2014-2016 жж. – Ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі.

-2016-2018 жж. - Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы.

-2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

-2019 -2020 жж.- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2020 жылдың 29-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды.

Ермек Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі 11-ші елшісі.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371