Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3932 0 пікір 30 Қаңтар, 2020 сағат 13:38

Жұрттың ешкісі, иті және сайлауы

АҚШ-тың Вермонт штатындағы Fair Haven қаласында ешкі мен ит "Құрметті мэр" атану үшін сайлауға түсіп жатыр екен. Қаланың қазіргі құрметті мэрі Линкольн атты ешкі екінші рет бақ сынап көрмекші. Ал оның қарсыласы-Сэмми атты неміс овчаркасы.

Associated Press-тің айтуынша, сайлау өте тартысты өткелі тұр. Өйткені қалада екі кандидат та өте танымал әрі екеуінің де қолдаушылары өте көп. Сайлауға қатысу үшін қала тұрғындары 1 доллар төлеуі керек. Жиналған ақша балаларға ойын алаңын салуға жұмсалады. Осындай ерекше сайлау өткізудің тағы бір мақсаты-тұрғындардың сайлауға деген қызығушылығын арттыру, балаларды азамат болуға тәрбиелеу.

Сонымен қатар, вермонттық құрметті мэрдің қазақстандық әкімдерден айырмашылығы да, ұқсастығы да бар. Айырмашылығы-вермонттық құрметті мэр қызметке ашық әрі әділ сайлау арқылы келеді. Ал біздің әкімдерді "Кітапхана" мен АП тағайындайды. Ұқсастығы-вермонттық құрметті мэр біздің әкімдер сияқты парадқа қатысуға (біздегі қала күніне арналған мерекелік іс-шараларда бой көрсету, лента қию мен пәтердің кілтін тапсырумен тең), ойын алаңын салуға жиналатын қаражатты бақылауға (біздегі бюджетті игеру) және Board of Selectmen (мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесу) кездесулеріне қатысуға міндетті.

P.S. Ұлттық кеңес (НСОД) Қазақстанды демократияландырамыз деп  жүргенде Fair Haven тұрғындары наурызда екінші рет өздерінің құрметті мэрін сайлап алады. Басқаша айтқанда, жұрттың ешкісі мен иті де қызметке сайлау арқылы келеді. Қарап тұрсақ, демократия біздің менталитетке сәйкес келмейді. Ертең азаматтарға әкімдерді сайлауға мүмкіндік берсек, тұрғындар өздерінше құтырып, америкалықтар сияқты құрметті әкімді аң-құс пен төрт түліктің арасынан таңдаймыз деп шықпасына кім кепіл?! Құрсын! Беті аулақ.

Шалқар Нұрсейіттің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371