Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2974 4 пікір 3 Ақпан, 2020 сағат 11:51

Ғабең туған ауылдың болашағы бұлыңғыр ма?

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарымен кездескенімде маған Майбалық ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылын тірек елді мекендер тізіміне енгізу мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтініш айтылды.

Расында да, Майбалық ауылдық округіне қарайтын 4 ауылдың ешқайсысы тірек немесе серіктес елді мекендер қатарына жатқызылмаған болып шықты. Бұл олардың болашағы бұлыңғыр дегенді білдіреді. Шынында да солай ма?
Жамбыл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевтің айтуынша, Жаңажол ауылының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті оны тірек елді мекен ретінде белгілеуге мүмкіндік береді. Себебі онда 22 мың гектар егістік жерге ие базалық шаруашылық – «Агрофирма Жамбылская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. 61 оқушы білім алып жүрген орта мектеп пен интернат, шағын орталық, медициналық пункт, клуб, кітапхана және Ғабит Мүсіреповтің музейі бар. Ауыл таза ауызсумен қамтамасыз етілген.

Бұған қоса, Жаңажол ауылы – аса көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің туып-өскен жері, мәдени-тарихи маңызы бар елді мекен екендігін де ескеру қажет.

Бұл ретте Жамбыл ауданының әкімі осы аудандағы тірек елді мекендер тізіміне енгізілген ауылдардың біреуін аталған тізімнен алып тастап, оның орнына Жаңажол ауылын енгізуге қарсы еместігін де білдірді.

Бүгін осы мәселені оң шешу жөнінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің атына хат жолдадым.

Еліміздегі тірек және серіктес елді мекендер тізімін жасау кезінде аудандық әкімдіктердің позициясы ескерілмегендігі анық. Бұл – қынжыларлық жайт.

Кәрібай Мұсырман,

Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369