Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6689 5 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 10:12

«Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын!»

Қазақ халқы да өзге жұрттай баланың қадіріне жете біліп, оны қастерлеген. Жақсылардың аузынан шыққан балалар жайында мына бір сөздер «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Баланың өз ырысы өзінде», «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербелетін бесігі болсын» деген даналық сөздер текке айтылмаса керек. Шынында да адам баласы үшін өзінің өмірінің жалғасы болатын ата мен ана сөзін, оның ісі мен мұратын алға апарушы — баладан артық байлық бар ма?

Бірақ біз осынау байлығымыз, бақытымыз балаларымыздың қадірін жете білеміз бе? Қанағатсыз адамның көзі тоймайтын ақша мен дүниенің соңына түсіп кеткен жоқпыз ба? Рас осы күні отбасындағы бала санын шектеу кейінгі жастарда күннен-күнге етек алып барады. Кейбір ерлі-зайыптылар отбасында тек екі ғана бала болса жеткілікті деп ойлайды. Бұл, әрине дұрыс емес.

Мына бір қарапайым мысалға назар аударайықшы. Қаламыздағы перзентхана ауруханасында өзінің сәбиінің жарық дүниеге әкелуін күтіп жүрген жас ана: «Екінші сәбиімді күтіп жүрмін. Бірінші балам қыз бала. Енді жолдасымыз екеуміз ұл болса екен,- деп тілеудеміз. Шіркін-ай, ұл болса екен!» дейді.

- Егер де осыдан аман-есен қол-аяғыңызды бауырыңызға алған соң кейін тағы да сәби сүю ойыңызда бар шығар? – деген сауалға:
- Жоға, атай көрмеңіз, осыдан ұл тусам енді бізге баланың керегі жоқ, - деп жауабын шорт кесті.

Демографтардың анықтауы бойынша, егер барлық отбасында екі баладан ғана болса, онда халық саны ұдайы қеми береді. Себебі, екі бала тек әкесі мен шешесінің орнын ғана басады. Ал өмірде ерте қайтыс болып кететіндер бар, ержетсе де бір себептермен үйленбейтіндер бар, Үйленсе де баласыз қалатын азды-көпті ерлі-зайыптылар тағы бар. Міне, қоғамда осылай кездесіп отыратын олқылықтардың орнын толтыру үшін, отбасында ең кем дегенде үш баладан болу керек. Үш бала болған жағдайда ғана халықтың бұрынғы саны кемімейді, өспесе де бір деңгейде сақталып тұрады. Сондай-ақ, тек төртінші балада ғана халық саны жедел өсе бастайды екен.
Балалардың аздығы, яки көптігі отбасының беріктігіне де үлкен әсер етеді. Баласыз немесе баласы аз отбасы тұрақсыз болатынын кім білмейді?! Мұндай жағдай жастардың отбасына атүсті қарауына себепші болады.
Ал көп балалы отбасы тұрақты әрі берекелі болып келеді. Оңдағы балалар жасынан біреуге кіші, біреуге үлкен болып бір-бірін сүйеп, бауырмал болып өседі. Кейін өскеннең соң да олардың бойынан үлкенге-ілтипат, кішіге-қамқорлық сияқты ізгілік қасиеттері байқалып тұрады. Өйткені олар бір-бірімен аралас-құралас, тай-құлындай тебісіп өсіп, бірін-бірі жетектеп ержетеді. Мына бір мысал өмірден алынған.

Перзентханадаң бесінші баласын алып шыққан ана былай дейді:
- Осы кішкентайым дүниеге келмей тұрғанында кейбір қатар құрбыларым: «Өй, өзің өле алмай жүрсің бе? Тамағың мен киіміңді әзер тауып отырғанда, мына ішіңдегіңді қайтейін деп едің», — деп қағытса, кейін толғатып ауруханаға түскенде дәрігерлер де «үйіңізде балаңызға кигізетін киімдеріңіз сыймай бара жатыр ма?», - деп бас шайқасты. Әу баста орынсыз атыма айтылған кейбір асығыстау сөздерді көңіліме жылдам алатын басым: «Әр баланың өз несібесі өзіңде. Төрт бала өсіп жатқан үйде, бесінші балаға да орын бар» деп жауап беретінмін. Іштей Алла тағаланың берген байлығы— балаларыма шүкіршілік етіп, ұйыған отбасымның басындағы бақытты өміріне тәубә етіп отырамын.

Жасыратыны жоқ, алғашқы баласын жастықпен болмаса түрлі себептермен алдыртып тастаған кейбір нәзіктілер кейін бағы жанып, отбасы ошағын жаққан күнде де бала көтере алмай, бір сәбиге зар болып, іштей егілуде. Өз қолдарын өздері қалай кессін?! Сөйтіп, олардың өмірдегі ең басты бақыт — ана болып, бала сүю қуанышына қолдары жетпей, құр сүлдері жүреді.
Біздің келешегіміз - балалар. Олардың күлкісімен ғана тіршілігіміз мәңді. Осы күні баланы асырау мәселесін тым күрделендіріп жібердік. Әкелердің көтеретін жүгін әйелдер өз мойнына артып алды. Бүгінде 4-5 бала сүйіп, шаршаған, ашынған аналар алаңға шығатын болды. Баласын туып берген жарына жағдай жасайтын ерлері әйелдерін ереуілге шығарып қоюға еш намыстанбайды. Осындайда ойыма өз анамыздың жанкештілігі, төзімділігі оралады. Аналарымыз жұмыс істемей, үйдегі оннан астам баланы асырап, әкеміздің әкелген табысын ұқсатып, жоғары білім беріп, өмірден өз орнымызды табуда темірқазық болды. Ешкімге алақан жайған жоқ.
Қазір биліктің беті бері қарады. Ана мен балаға қолдан келгенше жағдай жасауға тырысып жатыр. Жас ата-аналар үкіметтің берген азын-аулақ жәрдемақысына аузын ашып отыра бермей, құмырсқадай қыбырлап қаракет жасаса, еңбегі еш кетпеген болар еді.

Иә, бала - байлық әрі бақыт. Данышпан халқымыз: «Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын» деп біліп айтқан екен-ау.

Жұлдыз Тойбектің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366