Сенбі, 23 Қараша 2024
2736 0 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 10:46

Еуропалық одақ Трамптың Таяу Шығыс бойынша жоспарын жақтаған жоқ

Еуропалық одақ Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы жанжалды реттеу бойынша жоспарын қабылдамай, қажет болған жағдайда Израильдің палестин жерлерін одан әрі аннексиялау әрекетіне тосқауыл болатынын жеткізді. АҚШ президенті өзінің жоспарын өткен аптада жариялаған.

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Жозеп Боррель Еуропалық одақ Израиль мен "тәуелсіз, демократиялық, егеменді және тұрақты палестин мемлекетінің болуын жақтайтынын" тағы бір нақтылады.

“Америка дауысы" жаңалықтар қызметі хабарлағандай, жоспар палестин мемлекетінің құрылуын қарастырғанымен, ол палестиндіктердің талаптарына жауап бермейді, Израиль мүддесін жақтайды.

Дипломат Жозеп Боррель Израильдің палестин жерлерін аннексиялап алу әрекеті "жауапсыз қалмайды" деп есептейді. Ол бейбітшілікке жету үшін Палестина шекарасын белгілеу мәселесін реттеп, Иерусалим мәртебесін шешу керек деген пікірде.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Трамптың жоспарын "маңызсыз" деп атаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364