Сенбі, 23 Қараша 2024
5326 0 пікір 6 Ақпан, 2020 сағат 10:52

Мәскеуде Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды

5 ақпанда Мәскеуде Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар кенеттен қайтыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмаған.

Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президентінің төрт баласы бар - Бермет, Айдар, Саадат және Илим. Бермет пен Айдар Ақаева Жогарку Кенеште дауысқа түсіп, "Алға Қырғызстан" билік партиясынан депутаттық мандаттарды алды. Осы жағдайдан кейін елде наразылық шаралары күшейе бастаған. 2005 жылы 24 наурызда "Ақ үйді" басып алу арқылы аяқталған митингілер нәтижесінде Асқар Ақаевты тақтан тайдырды. Ол Қырғызстаннан отбасымен қашып кетті.

Айдар Ақаев үйленген. Үш баласы бар. Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшіп келгеннен кейін Айдар кәсіппен айналысты.

Дереккөз: 24.kg

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364