Шәріпхан Қайсар. Парламенттегі ақпараттық ықпал кімнің қолында?
Біздің ел парламенттік мемлекет болмаса да, жаманды-жақсылы, өтірік-шынды шешімдердің қабылдануына араласатын билік тармағының бірі - парламент. Осыдан бес-алты жыл бұрын Мәжіліс ғимаратындағы күркешікте алуан газет сатылатын, тіпті оппозицияның да үнпарақтары таратылатын. «Жас алаш» әп-сәтте сатылып кететін газеттің бірі еді. Енді сол үш-төрт күркеде кәдесыйдан басқа ештеңе сатылмайды деуге болады. Яғни, депутаттар елдегі жағдайдан толық ақпарат алатындай жағдайдан «арылған»! Бұл жағдай Мәжіліс аппаратына әлдебір жаңа басшы келіп, БАҚ-тардың аяқтарын бір етікке тығып, тіпті, телетілшілерге бірегей видеожазбалар таратуды бастаған «жаңашыл» жетекшінің екпінімен басталған, сол ахуал одан ары жалғасуда.

Алайда, оны айналып өтіп, өз ақпараты мен ықпалын жүргізуге ешкім де кедергі бола алмайды. Жуырда Сенатқа барып қалғаным бар: сайлаушылар келетін кіреберісте 2-3 ұсақ газеттер үйімі жатты. Бәрі де орыс тілінде: біреуі - «Казачий курьер», енді бірі - «Коммунальная правда». Бұл - казактардың тікелей ықпалы болмаса да, сенаторларға қыр көрсетудің бір жолы екені ап-анық. Әрине, газетте ішінде қазаққа қарсы ештеңе де жоқ,тіпті, қазақтан артық Қазақстанды казак иемденіп, жақсы көретіндей материалдар бар. Көшеде, шіркеуде көсіліп, емін-еркін шеп құрған христиандардың сап түзеуі елдің ықпалы кімнің қолында дегенге жауап болғандай. Онсыз да тіл мен рух турасында тізесі қалтырайтын қазақ сенаторларға мынау барып тұрған астыртын қоқан-лоққы десе болғандай.
Бір қызығы, елдегі саясат көзі болып табылатын депутаттардың бір де бірі тек қана орыс тілінде тарайтын коммунальдық ақпаратқа қатысты ештеңе демейтінін қайтерсің?! «Коммунальдық правда» «Коммунальдық шындық» аталмаса да, ақпараттың тең жартысы неге қазақша шықпайды? Жалпыазаматтық сипаты бар ақпараттың елде мемлекеттік тілде таралуын міндеттейтіндей неге пікір жоқ? Өйткені, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін былай қойғанда, елдегі азаматтардың кемінде тең жартысы (алпыс пайызы) қазақтілді емес пе, олар өз тілінде ақпарат алуға қақы бар емес пе? Қарапайым осы жайтты аңғармайтын, кішкене ғана мәселені аша алмайтын, оны саясатқа айналдыра алмайтын, сәйкес шешім қабылдаттыра алмайтын адамдардың парламент асханасынан арзан тамақтануының өзі қаншалықты ақтаулы?
Басқа жағынан алғанда, бөрідей шулаған ұлтшылдардың бір де біреуінде үнпарақ жоқтығы, болса оның ешбір ықпал ететіндей орынға таралмауы да, біздің ұлтпаттардың жағдайынан хабар берсе керек...
Астана
Сол жағалау
«Абай-ақпарат»