135 ұлттан тұратын мемлекет бола ма?
Біздің саясат о баста дұрыс болмады...Ұлтқа қатысты..135 ұлттан тұратын мемлекет бола ма? Жоқ. Онда ол 135 федеральды аймақтан тұратын құрама мемлекет болар еді. Бірақ мына жер әлімсақтан қазақтың жері...Кеңістік тек қазақ арқылы анықталады. Ұлттың анықтамасында жер-кеңістік маңызды орында тұр. Тілі, мәдениеті, әдет ғұрпы,діні, тарихы(өткені, бүгіні, болашағы), құндылығы, мемлекеттілігі... Осындай культурологиялық, политиологиялық және аксиологиялық теорияларды негізге алмай яғни ғылыми таныммен емес, саяси спекулятивтік тетіктерге сүйенген билік енді зардабын көре береді...
Ұлт аралық қатынастар реттелуі тиіс. Қалай? Алдымен, ғылыми танымдық тұрғыдан, екінші болмыстық онтологилық тұрғыдан; үшінші барып, осы екі танымдық нәтижелер мен қорытындылар негізінде құқықтық негіздер арқылы жүзеге асырылып, реттелуі тиіс. Қазақтың сұрап отырғаны осы.
Ал бізде "мемлекет құрушы" мен "мемлекет құраушы" ұлттар арасын көрсететін конституциялық құқықтық нормалар жоқ. Рас егер бір ұлтты бір ұлттан артық статуспен бағалау, демократиялық, құқықтық ұстанымдарға сыймайды. Бірақ мына мемлекетті құрған ұлттың, мәдениеттің,тарихтың, болмыстың, кеңістіктің анықтауыш өкілі ол қазақтар. Сондықтан мемлекет, ұлт, мәдениет және дін қатынасы тұрғысынан да барлық жауапкершілік қазаққа түседі. Бірақ қазақ сол жауапкершілікті сезінді ме? Оған әлі көп уақыт керек. Сана мәселесі. Ал сананы тәрбиелейтін де мемлекет. ал мемлекетті басқарып отырған бүгінгі биліктің ондай авангардтық тетігі де әлеуеті де көрінбейді. Билікке осы психологияны түсініп, сезініп, тани алатындар легі келсе, онда үміт бар деуге болады...
Мемлекет Фараби айтпақшы, бақытқа жеткізетін институт...Бірақ ол мемлекеттің "мағрифаттан" яғни танымнан хабары болмаса бәрі далбаса....Бүгінгі биліктің соқыр саясатының арқасында қазақ әлемге шовинист болып танылатын болды. Өкінішті. Қазақ шешен, қазақ күрді, қазақ ұйғыр, қазақ армян, қазақ тәжік, қазақ дүнген қақтығыстары... енді келесі кім...қазақ орыс, қазақ өзбек пе? Бүгінгі президент Қасымжомарт Тоқаев үшін кешегіден шешілмей қалған ауыр проблемалар жиынтығы қалды...Бәрін басынан бастап қайта сараптауды талап етеді..Трансформация қажет. Сасыдық...енді құрттаймыз..құдай бетін аулақ қылсын, шіру деген жоқ болу деген сөз.
Досай Кенжетайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz